"Азаматтар Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге мүмкіндік алды", - Президент

Конституциялық Сот алғашқы 7 айдың ішінде 43 істі қарауына алды. Соның 23-і бойынша тиісті шешім шығарылған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен өткен кездесуде айтты. Басқосу Конституция күніне орай арнайы ұйымдастырылған. Президент алдымен өткен жылы өткізілген референдумның нәтижесіне тоқталды. Ата Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мемлекетті басқару жүйесінің нығаюына ықпал еткенін айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Реформа жасау кезінде ең алдымен құқық қорғау саласына баса мән берілді. Конституциялық Сот құрылды. Омбудсмен институты және прокуратура органдарының мәртебесі артты. Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі айтарлықтай нығая түсті. Реформаның нақты нәтижесі бар. Ширек ғасырдан бері Конституциялық кеңес жұмыс істеп келген. Тиімділігін көрсетпеді. Мемлекет басшысы осы жылдар ішінде тек 140-қа жуық іс қаралғанын тілге тиек етті. Ал оның орнын басқан Конститутциялық сот алғашқы 7 айдың ішінде 43 істі қарауына алды. Яғни азаматтар Конституциялық Сотқа тікелей жүгінуде. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұрын мұндай құқыққа билік институттары ғана ие болған еді. Жұрт Конституциялық сотқа шағымдану арқылы өз құқықтарын қорғап қана қоймайды, сонымен бірге еліміздің бүкіл құқық жүйесін жетілдіруге үлес қосады. Азаматтардың омбудсмендермен қарым-қатынасы едәуір жандана түсті. Өтініштердің саны екі есе артты. Конституциялық құқықтың қорғалуына прокурорлық қадағалау шаралары күшейді. Мемлекет басшысы Конституциялық соттың жұмысын одан әрі жетілдіру қажеттігін де айтып өтті. Жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша Конституциялық соттың шешімдерін ескере отырып, заң жүзінде бекіту қажет деп тапсырды. Парламент пен Конституциялық Сот тығыз байланыста жұмыс істегені жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев сот және құқық қорғау жүйесінің мінсіз жұмысын қалай қамтамасыз ету қажеттігіне айрықша тоқталды. Жұрт құзырлы органдардан әділдік таба алмаған соң Президент Әкімшілігіне арызданады. Мемлекет басшысы осындай өтініштердің саны әлі күнге дейін азаймай отырғандығын ескертті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Келіп түскен арыздардың сараптамасы соттың, полицияның және прокуратураның қызметіне қатысты шағым өте көп екенін көрсетеді. Бұл – аса маңызды мәселе. Оны шешуге сіздер тікелей атсалысуларыңыз қажет. Уәкілдердің жұмысына ешкім кедергі келтірмеуі керек. Прокуратура, Үкімет және әкімдер бұл мәселені күн тәртібінен алу үшін оларға барынша қолдау көрсетуге тиіс. Мемлекет басшысы ауыл мен қала тұрғындарының арасындағы алшақтықты қысқарту керек екенін айтты. Өйткені, ауылдықтар көбіне жерді пайдалану, жайылымдарды бөлу, инфрақұрылымдардың қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелерді көтереді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Омбудсмен өкілдіктері өңірлерде құқықтық сауаттылықты арттыруға тиімді ықпал ете алады. Жергілікті қоғамдастықтар азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат алуға тиіс. Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көруі керек. Бұл – уәкілетті органдар үшін басты міндет. Аталған бағыттағы қызмет – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Алматылық әскери қызметшілер патриоттық флешмоб ұйымдастырды
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жариялау бойынша алғашқы тыңдалым қашан өтетіні белгілі болды
Қолында пышақ болған: ер адамдар жанжалы видео түсіп қалды
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі: полицейлер ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндірді
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
ChatGPT-ді сынға алған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкері өз үйінде өлі табылды
Нигерияда кеме апатқа ұшырап, 20 адам мерт болды
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!