Келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мыңнан 85 мың теңгеге көтеріледі. Елімізде бір миллион екі жүз мыңнан астам азаматтық қызметкер бар. Олар орман шаруашылығында, есеп және аудит, экономика, заң, әлеуметтік қорғау, мәдениет және мұрағат салаларында еңбек етеді. ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады. Осының арқасында меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда барлық салаларда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы қызметкердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерінің ақшалай табысы өседі.