Әзербайжанда Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығы ашылды

Әзербайжанда Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығы ашылды

«Құрманғазы – түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі». Мемлекет басшысы Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатында осылай деді. Президент білім алушыларға автобус сыйға тартты. Қазақ халқына алғысы шексіз екенін жеткізген Ильхам Әлиев мемлекет басшысына бірқатар нысандарды аралатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды. Мемлекет басшысын шаһар әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Бірінші кезекте Президенттер Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты. Былтыр мамыр айында қала ішіндегі көшелердің негізі қаланып, тіршілік нәрімен қамтамасыз ету, кәріз және жауын суының ағу жүйесінің құрылысы басталған еді. Сонымен қатар, цифрлық қосалқы станция мен «Физули» басқару орталығы іске қосылған. Қазір 38 көпқабатты ғимараттың құрылысы жүргізілуде.Ал бұл - Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығы. Әзірбайжан жұртына қазақ халқының гуманитарлық тартуы. Бүгін бұл орталықтың ашылу рәсімі өтті. Қос ел басшылары ғимараттың лентасын қиды.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын. Сіздерге табыс пен бақ-береке тілеймін. Әзербайжанның осы қасиетті өлкесі қарыштап дами беретініне сенімдімін. Бұл Орталыққа Құрманғазының есімі кездейсоқ берілген жоқ. Өйткені қазақ халқының дәулескер күйшісінің бай мұрасы бүкіл түркі дүниесінің асыл қазынасына айналған. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев екі елдің бірлігін нығайта түсуге бұл орталықтың қосар үлесі зор болатынын айтты. Ильхам ӘЛИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Бауыр ретінде осындай керемет сый жасағаныңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Азат етілген жерлерде Балалар шығармашылығы орталығын салу Сіздің бастамаңыз еді. Осыдан бір жарым жыл бұрын Әзербайжанға келген кезіңізде, аталған орталықтың жобасы таныстырылған болатын. Ол бір жыл ішінде салынды. Кеше айтқанымыздай, бұл тек балалардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, Қазақстан мен Әзербайжанның достығы мен бауырластығын айшықтайтын орталық болады. Әзербайжан халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Екі қабатты ғимаратта 600 баланың бірнеше ауысыммен мектептен тыс білім алуына барлық қажетті жағдай жасалған. Мұнда дәріс залы, шахмат, аспаз кластары, көркемөнер және мүсін студиясы, хореография және спорт залдары, дыбыс жазу кабинеті, музыка және вокал класы, фото-бейнемонтаж, веб-дизайн және роботты техника кабинеттері, 3D-модельдеу класы бар. Орталықта IT-cтартаптарға және Әзербайжанның ұлттық мәдениетіне, соның ішінде кілем тоқу өнеріне айрықша мән берілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық ұжымына Құрманғазы домбырасының көшірмесін, сондай-ақ білім ошағының тәрбиеленушілерін таситын автобусты сыйға тартты. Сарапшылар бауырлас елдердің қарым-қатынасын нығайтуға мәдениет саласындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру ісі оң септігін тигізетініне сенімді. Риззат ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:Жалпы, түркі мемлекеттерінің арасындағы түркі ықпалдастығы осы мәдени-гуманитарлық саланың арқасында экономикалық жобаларды жылжытуға үлкен жол ашуда. Гуманитарлық-мәдени салаға басымдық берудің себебі де осы. Мұндай комплиментарлық тұрғыдағы жақындастықты экономикалық келісім шарттарда, сауда-саттықты арттыруда пайдалану керек. Бұл Келешекте бой көтеретін медициналық мекеме. Сыйымдылығы 180 төсек-орынға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 34 мың шаршы метрден асады. Нысанды қазақстандық құрылыс компаниялары коммерциялық негізде салады деп жоспарланған. Мемлекет басшысының Әзербайжанға сапары әрмен қарай Шуша қаласында жалғасты. Бұл шаһар ежелден әзербайжан мәдениетінің алтын бесігі саналған. Қала заманында гүлденіп, поэзия, көркемөнер және сәулет өнері дамыған орталық болған. Бүгінде мұнда инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде бірнеше қонақ үй, музей және мешіттер бой көтерген. Тұрғын үйлер, білім беру мекемелері, әлеуметтік нысандар, шіркеулер салынып, жөнделуде. Президент мұнда бірнеше тарихи орындар мен Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрмені аралады.

Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
  • Massaget
Абайлаңыз! Жүргізушілер не үшін куәлігінен айырылуы мүмкін?
Абайлаңыз! Жүргізушілер не үшін куәлігінен айырылуы мүмкін?
  • Massaget
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
  • el.kz
Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті
Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті
  • el.kz
13 қалада ауа сапасы нашарлайды
13 қалада ауа сапасы нашарлайды
  • baq.kz
Жаңа жылға сыйақы беріле ме?
Жаңа жылға сыйақы беріле ме?
  • turkystan
“Дариғамен бірге болу - бақыт“. Актер Олжас Абаймен экслюзив сұхбат
“Дариғамен бірге болу - бақыт“. Актер Олжас Абаймен экслюзив сұхбат
  • Massaget
Тұман, жаңбыр: бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады
Тұман, жаңбыр: бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады
  • turkystan
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау нысандарында 40 тексеру жүргізген
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау нысандарында 40 тексеру жүргізген
  • el.kz
«Кейбір еркексымақтардан пайда жоқ»: Бір қап қантты 50 рет көтерген бойжеткен талқыға түсті (ВИДЕО)
«Кейбір еркексымақтардан пайда жоқ»: Бір қап қантты 50 рет көтерген бойжеткен талқыға түсті (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші Алматыда концерт қоймақшы
«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші Алматыда концерт қоймақшы
  • turkystan
Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр
Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр
  • Massaget
Алматыда әскери-техникалық мектепте ант беру рәсімі өтті
Алматыда әскери-техникалық мектепте ант беру рәсімі өтті
  • baq.kz
Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды
Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды
  • el.kz
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
  • baq.kz
Петропавлда ер адам әйелін ұрып тастаған: полиция пікір білдірді
Петропавлда ер адам әйелін ұрып тастаған: полиция пікір білдірді
  • Massaget
Павлодар облысындағы балабақшада балалар үш ай жарықсыз отырған
Павлодар облысындағы балабақшада балалар үш ай жарықсыз отырған
  • Massaget
Алматыда қараусыз қалған бос жер жаяу жүргіншілер аймағына айналды
Алматыда қараусыз қалған бос жер жаяу жүргіншілер аймағына айналды
  • baq.kz
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
  • aqshamnews
Грузия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерден бас тартты
Грузия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерден бас тартты
  • arbatmedia.kz
Нидерланды Украинаға тағы үш Patriot зымыран тасығыштарын тапсырды
Нидерланды Украинаға тағы үш Patriot зымыран тасығыштарын тапсырды
  • arbatmedia.kz
Румынияда президенттік сайлаудағы дауыстарды қайта санау басталды
Румынияда президенттік сайлаудағы дауыстарды қайта санау басталды
  • arbatmedia.kz
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
  • baq.kz
Жаңаөзенде төртінші қабаттан секірген ер адам жансақтау бөліміне түсті
Жаңаөзенде төртінші қабаттан секірген ер адам жансақтау бөліміне түсті
  • el.kz
Прогноз от астрологов на выходные
Прогноз от астрологов на выходные
  • Smi24
«Қызылордаға күйеу бала болғың келіп жүр ме?». Нұрбек Оралбай «Қазақ аруымен» көзге түсті (ВИДЕО)
«Қызылордаға күйеу бала болғың келіп жүр ме?». Нұрбек Оралбай «Қазақ аруымен» көзге түсті (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Астана» жеңісті уысынан жіберіп алды
«Астана» жеңісті уысынан жіберіп алды
  • bassport.kz
Конференция лигасы: «Астана» португалиялық клубты жеңе алмады
Конференция лигасы: «Астана» португалиялық клубты жеңе алмады
  • turkystan
Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
  • almaty_tv
Путин: Қазақстан іс жүзінде орыс тілді мемлекет
Путин: Қазақстан іс жүзінде орыс тілді мемлекет
  • qaz365.kz
Қазақстан ҰҚШҰ төрағалығын қырғыз еліне тапсырды
Қазақстан ҰҚШҰ төрағалығын қырғыз еліне тапсырды
  • almaty_tv
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланды
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланды
  • almaty_tv
ҰҚШҰ елдерінің президенттері бірқатар құжатқа қол қойды: 28 қараша 2024, 16:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
ҰҚШҰ елдерінің президенттері бірқатар құжатқа қол қойды: 28 қараша 2024, 16:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев: ҰҚШҰ - жай ғана әскери серіктестік емес: 28 қараша 2024, 15:23 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев: ҰҚШҰ - жай ғана әскери серіктестік емес: 28 қараша 2024, 15:23 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев туризм және спорт министрін қабылдады: 26 қараша 2024, 16:16 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев туризм және спорт министрін қабылдады: 26 қараша 2024, 16:16 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды: 26 қараша 2024, 12:20 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды: 26 қараша 2024, 12:20 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Телефоныңыз тыңдала ма? Тексерудің төрт әдісі
Телефоныңыз тыңдала ма? Тексерудің төрт әдісі
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
«Мен көліктен, Ердос ұшақтан қорқады»: Айдар Тұрғамбек ірі жол апатынан аман қалғанын айтты
«Мен көліктен, Ердос ұшақтан қорқады»: Айдар Тұрғамбек ірі жол апатынан аман қалғанын айтты
  • sn.kz
Әлемге танымал әнші Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады (ВИДЕО)
Әлемге танымал әнші Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады (ВИДЕО)
  • sn.kz
Қазақстанда студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға өсетін болады
Қазақстанда студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға өсетін болады
  • sn.kz
«Идеологиялық тұрғыда бақылау қажет». Қанат Айтбаев отандық фильмдерді сынады
«Идеологиялық тұрғыда бақылау қажет». Қанат Айтбаев отандық фильмдерді сынады
  • el.kz
Кәрім Мәсімовтің тағы бір туысы Ресейде іздестіріліп жатыр
Кәрім Мәсімовтің тағы бір туысы Ресейде іздестіріліп жатыр
  • halyq-uni
Абай облысында 6 жастағы бала пәтерге қамалып қалған
Абай облысында 6 жастағы бала пәтерге қамалып қалған
  • turkystan
Шымкентте қыз зорлау күдігіне іліккен санитарлар жұмыстан шеттетілді
Шымкентте қыз зорлау күдігіне іліккен санитарлар жұмыстан шеттетілді
  • halyq-uni
Хан Сұлтан. Алтын Орда: Алматыда жаңа ұлттық операның тұсауы кесілмек
Хан Сұлтан. Алтын Орда: Алматыда жаңа ұлттық операның тұсауы кесілмек
  • almaty_tv