Әзербайжанның Қарабақ жылқысы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысады

«JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағалар Атамоғлановпен кездесті.ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, кездесу барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» бірегей жобасы жан-жақты талқыланды. Б.Тұрлыбеков дипломатты алдағы марафон-бәйгеге дайындық барысында тығыз ынтымақтастық үшін Әзербайжан Республикасының ат спорты федерациясымен байланыс орнатуға ықпал етуге шақырды. Бұған жауап ретінде Әзербайжан Елшісі Ат спорты федерациясының жобаларын, соның ішінде Әзербайжан шабандоздарының, сондай-ақ әлемдегі ең мықты жылқы тұқымдары, Әзербайжанның ұлттық символына айналған Қарабақ арғымақтарының «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысуына ықпал жасайтынын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы дала жорығы» бірегей марафон-бәйгесі биыл Петропавлдағы Абылай хан резиденциясынан басталады. Қазіргі таңда облыстарда аймақтық іріктеу турлары жүріп жатыр, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады. Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енеді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ миллиардері Сафиннің Еуропадағы сәнді сарайы (ФОТО)
Ұлттық педагогикалық университет жатақханасы қайта жөнделеді
Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсіріп жатқанда, аспанда «Алла» деген жазу пайда болған
Қайрат Нұртастың анасы: Екеуінің махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын
«Сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды»: Қайрат Нұртастың анасы келіндері туралы айтты
Париж Олимпиадасы: Ресей спортшылары туралы
Белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
"Құрамаға жігер бердіңіздер". Геннадий Головкин Олимпиаданың алғашқы жүлдегерлерін құттықтады
Еліміздегі фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмек бағасын түсіруі мүмкін
Ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден озды
«Жылап жібердім». Қазақстанға қола сыйлаған Исламның әжесі қуанышымен бөлісті
ХОК Олимпиада ашылуында Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея деп көрсеткені үшін кешірім сұрады
Ғалым Қаржаубай Сартқожа өмірден өтті
Ресей билігі ресейліктерді халықаралық төлқұжатсыз қалдыра ма?
Атақты түркітанушы-ғалым өмірден өтті
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди тамыз айында Украинаға барады
ТМД елдерінің бірінде теракт жасамақ болған
Абиба Әбужақынова ширек финалда жеңіліп қалды
Сомнолог: Уақыт белдеуі өзгерісіне қалай жеңіл бейімделуге болады
Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
Абиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады
Абиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады
Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді