ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы жазды. АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ үш дүркін жеңімпазы атанды. Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі. Айта кетейік, осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.