Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жасөспірімдер санатындағы қыздарымыз 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен жарысты аяқтады. Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді, деп жазды massaget.kz.Аяжан Сыдық (54 кило), Толғанай Қасымхан (60 кило) мен Алина Құдайгенова барлық қарсыласын айқын ұтып, Азия чемпионы атанды. Айым Таңқыбаева (46 кило), Сила Биболсынқызы (48 кило), Ақбота Есімбекова (70 кило) мен Аружан Зейноллаева (75 кило) күміс жүлдені қанағат тұтты. Айша Сариева (52 кило), Айсұлу Мұхит (66 кило), Құралай Егінбайқызы (80 кило) мен Панар Сейітқанқызы (+80 кило) қоржынға қола медальды салды.