Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарына қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов ұлттық құраманың ең үздік боксшыларына сенім артады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Құрамға іліккен қазақ боксшылары Ташкенттегі әлем чемпионаты мен Астанада өткен "Elorda Cup" халықаралық турнирінде үздік өнерімен танылғандар. 51 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов бақ сынайды. Ал 57 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионы Махмұд Сабырхан бар. Ал 63,5 килода Ертуған Зейнуллиновқа сенім артып отыр. 71 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионы, капитан Асланбек Шымбергенов бақ сынайды. Сондай-ақ ол Азия ойындарында Қазақстанның туын көтеріп шығады. 80 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионы Нұрбек Оралбай, ал 92 килоға дейінгі боксшылар бәсекесіне Сағындық Тоғамбай қатысады. Ал аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды. Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.