Санаулы күндерден соң мектептерде соңғы қоңырау соғылады. Айтулы мерекеде мұғалімдерге сыйлық жасамас бұрын жақсылап ойланып алған жөн. Себебі ұстаздарды қуантамын деп өзіңіз бармақ тістеп қалуыңыз мүмкін. Енді педагогтерге 34 500 теңгеден асатын сыйлық беруге болмайды. Егер оқытушы қомақты сыйлық алса, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 миллион теңге айыппұл төлейді. Толығырақ тілші бейнематериалында.Оқу жылы аяқталуына санаулы күндер қалды. Әсіресе, мектеп бітіруші түлектер қарбалас үстінде. «Соңғы қоңырау», аттестат алу шараларын ерекше өткенін қалайды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ол мереке ғой. Тойлау керек қой негізі. - 11 жыл оқып, есте қалардай бітіріп кеткен дұрыс деп ойлаймын. - Сенің выпускнойың сен үшін маңызды. 25 май тойлаған дұрыс деп ойлаймын. - Естелікке қалатын, енді 11 жыл бізге білім беріп жатыр ғой соған ақшамыз жеткенше ұнаған сыйлығын берсек. Жылтыр көйлек, қымбат көлік, мерекелік дастархан. Әсіресе, қыздар әр шараға түрліше киінеді. Оның барлығы ата-ананың қалтасына салмақ. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Қарсымын мен негізі. Мектепке ақша жинау, Балалар кафеге бару, ресторанға әсерлі қылып жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын негізі.- Мұғалімді11 жыл білім бергеніне сыйлық беру әркімнің өзінің ойы деп ойлаймын. Негізі дұрыс деп ойлаймын. Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Білім күні, ұстаздар мерекесі секілді айтулы күндері мұғалімнің құшағын осындай әдемі гүлге толтырамыз. Ал мектеп бітіретін кезде құр гүл сыйлау сыйластыққа сызат түсіретіндей сезінеміз. Бағалы, есте қалатын көлемдісін іздейді. Осылай заңды белшесінен басады. Мектеп бітіруші түлектер арналған мерекелік шара тек білім қабырғасында өткізілсін, мұғалімге бағалы сыйлық берілмесін. Министрліктен бастап жылда осындай шектеулер енгізіледі. Бірақ құлақ асып жатқандары шамалы. Жасырын тойлау, ұстазға құрметті - сыйлықпен көрсетуге ата-аналардың өздері себепші болып жататыны жасырын емес. Гүлнар ОМАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Барлық сый-сияпаттың өзіндік жөні, этикасы болуы керек. Гүл сыйлағанның, қолдан бір жасалған дүниені сыйлау онда ешқандай олқылық жоқ деп ойлаймын. Жемқорлықпен пара беру деген болады, балалардың бағасын көтеру үшін. Біз одан аулақ болып, академиялық тазалық, адалдық дегенді балаларымызға үлгі-өнеге ретінде көрсетуіміз қажет. Кім баласын қатарынан қалғанын қалайды. Бәріне қосылайын десе жағдайы жетпейді. Содан кейін әлеуметтік теңсіздік орын алды деп шу шығарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне "мұғалімге сыйлыққа ақша жинап жатыр" деген шағым күн өткен сайын көбеюде. Агенттік шағым түссе ғана шара қолданады. Мәселен, 34500 теңгеден асатын сыйлық алған ұстазға 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген. Тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тек құны 2 АЕК-тен аспайтын сыйлық беруге рұқсат. Яғни, бағасы 5 834 теңгеден көп болмауы керек.