"Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесі жалғасады" - министр

Алып-сатарларға азық-түлік пен тауар құнын негізсіз өсіруге жол бермейміз. Сауда министрі осылай деп мәлімдеді. Әсіресе, өңір әкімдері бағаны бақылауға күш салу қажет. Тұрақтандыру қорын қадағалап, негізгі факторлардың алдын алулары тиіс. Облыстарда және еліміздің ірі қалаларында тұрақтандыру қорлары бар. Онда күрделі кезеңдерге арналған тауарлар сақтаулы тұр. Сондықтан тапшылықты сылтау қылып бағаны көтергісі келетіндерге жол жоқ дейді мамандар. Оның үстіне халық тұтынатын азық-түлік тауарларының 80 проценті өзімізде өндіріледі. Мадина МАХМҰТОВА, "ТОБЫЛ" ӘКК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 18 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз. Олар қоймаларда азы-түлік қорын артығымен толтырып қояды. Осылайша тапшылықтың алдын алып, бағаны ұстап отырмыз. Маңызды тауарлардың көбі өзімізден өндіріледі. Жалпы ел экономикасы Орталық Азиядағы ең елеулі номиналды өсуді көрсетті. Мемлекет басшысы өзінің жақында берген сұхбатында елдің жалпы ішкі өнімі қазіргі бағамен 259 миллиардқа жеткенін айтқан еді. Жан басына шаққандағы көрсеткіш те өсіп келеді. Сондықтан тұрақты уақытта, азық-түлік бағасын негізсіз өсіруді ойлағандар жазадан құтылмайды дейді жауапты ведомство. Арман ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: Мемлекет тарапынан бағаны бақылау жойылмайды. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізсіз қымбаттауына жол бермейміз. Бірақ заң бұзушылықтар мүлдем жоқ дей алмаймын. Анықталған бойда олар заңмен және біздің желімен қатаң жазаланады. Бағаны бейберекет өсіретіндер бар. Әсіресе, алып-сатарларды министрлік қатаң бақылауға алғандарын айтты. Осындай қадамдардың нәтижесі болса керек көпшілік азық-түліктің құны қалыпты деп отыр. Блиц-сауалнама: - Бағалардан өзгеріс байқамадым. - Әзірше, азық-түлік, киім-кешек бағасы өзгеріссіз деп айта аламын. Қиындықсыз ала аламын. Әзірге қол жетімді. - Негізі қол жетімді, қатты байқаған жоқпын бағалардың өзгергенін. Азық-түлік барлығы қол жетімді. Мемлекет тарапынан бағаны тұрақтандыру жүйесі жұмысын жалғастыра бермек. Тек өзектілігін жоғалтқан бір механизм ғана алынады. Яғни, бағаны бақылау аяқталғанша, тауар құны қымбаттап үлгеретін. Ал қазір бұл жұмыстар бірден оперативті түрде жасалуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
Димаш Құдайбергеннің шоуы Лондонда өтеді
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Алматыда танысу сайттары арқылы тақырға отырғызатын күдіктілер ұсталды
Әнші Дастан Оразбеков әйелімен бірге кезекті рет клип түсірді (ВИДЕО)
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды
943,6 мың гектар - Қазақстан Ресейге жалға берген Капустин Яр полигонының жерін қайтара алмай отыр
Тағы да нокаут: Назым Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті
«ЛГБТ жасөспірімдерге оң әсер етуде»: Қоғам белсендісі министрліктің есебіне наразылық білдірді
Астанада оқушы қыздың қазасынан кейін жүк көліктеріне бақылау күшейді
«Тұрсынның арқасы»: Дана Нұржігіт танымал продюсердің өмір жолынан сыр шертті
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жаңа оқу-жаттығу орталығы: Қорғаныс министрі құрылыс барысын тексерді
Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер сүрілуде
Құрманғазы көшесіндегі уақытша шектеулер: Алматыда мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жердің шөгуін реттейді
Путин соғысты қандай жағдайда тоқтататынын айтты
Бойжеткенмен танысқан жігіттер ақшасыз қалған: Алматыда қарақшылар тобы ұсталды
"Баянның соры болды деп жолыққан адам": Дана Нұржігіт Алагөзов туралы тосын жазба жариялады
ШҚО-да қар көшкінін түсіру жалғасуда
Үкімет шетелдік маркадағы көліктерден бас тартты
Путин Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға келіседі: егер...
Виктория Графеева өзбек боксшысын жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты