Отандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде анасына ақ тілегін жолдап, оны туған күнімен қалай құттықтағанын көрсетті. Өнер иесі анасына аса бағалы сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Балжан Бидаш Instagram парақшасында анасына әсерлі жазба арнап, туған күн кешінен ерекше видео жариялады. Онда өнер иесінің алдымен анасына сыйлық таңдап жүргенін көруге болады. Әнші таңдау жасаған соң, гүл шоғын алып бірден анасына барған. Ол аяулы анасын қалай құттықтағанын қалың көпшілікке көрсетті. "Анашым 100 жасаңыз. Қандай жетістігім болсын осы ата-анамның қолдауының арқасы. Тәрбие, білім, ақыл, еркіндік, таңдау бергендеріңізге рахмет! Тек ата-анаға қарыз болайық. Армандарыңызға жетіп, аналарыңызды қуанта беріңіздер. Бірақ оларға біздің бір телефон соғып көңіл бөлгеніміз де жеткілікті болуы мүмкін. Жұғысты болсын сүйікті оқырмандарым", - деп жазды Балжан. Шоу-бизнес жұлдызы анасына бағалы брендтен аяқ-киім алып берген. Оның айтуынша, сыйлығының бағасы - 600 мың теңге.