Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды.1983 жылы Екібастұзда туған. Сүлеймен Демирел университетін (2000-2004) «компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы», Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2004-2006) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қызмет жолы: «NAT» АҚ, «Ізет» ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері (2004 жылға дейін) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, Куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда IT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары (09.2004-11.2007); «AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант (09.2004-11.2007); Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы (11.2007-04.2010); Байланыс және ақпарат министрлігінде (Көлік және коммуникациялар министрлігі) Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары (04.2010-04.2011); Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (04.2011-03.2012); Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (03.2012-04.2014); «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (04.2014-08.2014); «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (08.2014-01.2017); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (01.2017-05.2018); Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы (05.2018-06.2019); IT кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да IT-стартаптардың негізін қалаушы (06.2019-03.2020); Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі (03.2020-07.2020); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары (07.2020-09.2020); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (02.09.2020 бастап).