Бахтиер Зайнутдинов қымбат футболшылардың тізіміне енді

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов посткеңестік елдер арасында ең қымбат футболшылар тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Transfermarkt порталының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Бірінші орында грузиялық футболшы, италиялық "Наполи" клубының ойыншысы Хвича Кварацхелия тұр. Оның трансферлік нарықтағы құны – 80 миллион еуро. Екінші орынға Украина құрамасының және англиялық "Арсенал" клубының ойыншысы Александр Зинченко жайғасқан (42 миллион еуро). Ал үштікті Ресей құрамасының және "Монако" командасының жартылай қорғаушысы Александр Головин түйіндеді. Қазақстан ұлттық құрамасының және "Бешікташ" клубының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов тізімде бесінші сатыға орналасқан. Оның трансферлік нарықтағы құны 6 миллион еуроға бағаланып отыр. Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша посткеңестік елдердегі қымбат футболшылардың тізімі: Грузия: Хвича Кварацхелия (80 млн еуро, "Наполи"); Украина: Александр Зинченко (42 млн еуро, "Арсенал" Лондон); Ресей: Александр Головин (30 млн еуро, "Монако"); Армения: Эдуард Сперцян (18 млн еуро, "Краснодар"); Қазақстан: Бақтиер Зайнутдинов (6 млн еуро, "Бешікташ"); Молдавия: Олег Рябчук (5 млн еуро, "Спартак" Москва); Өзбекстан: Аббосбек Файзуллаев (5 млн еуро, ЦСКА Мәскеу); Литва: Гвидас Гинейтис (2 млн еуро, "Торино"); Эстония: Карл Хейн (2 млн еуро, "Арсенал" Лондон); Беларусь: Илья Шкурин (2 млн еуро, "Сталь"); Әзербайжан: Ренат Дадашов (2 млн еуро, "Хатайспор"); Латвия: Раймондс Кроллис (1,5 млн еуро, "Вишков"); Тәжікстан: Рустам Ятимов (1,2 млн еуро, "Истиклол"); Қырғызстан: Гулжигит Алыкулов (550 мың еуро, "Неман"); Түрікменстан: Руслан Мингазов ( 450 мың еуро, "Китчи"). 

Читать источник astanatv.kz/kz/
СҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алу үшін бөгеттер жөнделіп жатыр
Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алады
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Сенаторлар Qazcontent ұжымымен кездесті
Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадағы жаттығуына қашан оралады?
Көлікті өрттен қалай қорғауға болады?
Негізсіз жұмсалмақ болған 55 миллиард теңге бюджетке қайтарылды
Мәжілісмендер Петропавлда құны 851 млн теңгелік бөгет жұмысымен танысты
Музыкалық мектеп 18 мың бөтелке сірке суын сатып алмақ болған
Өнерде тұлғаларды бай мен кедей деп бөліп зерттеу олардың есімін ұрпақ санасынан өшірді – күйші Жанғали Жүзбай
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Еуропа елдерінде тұмау өршіп тұр
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған