Бакуде Түркі әлемінің ортақ әліпбиі талқыланды

Әзербайжан астанасы Бакуде Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясының екінші отырысы өтті.Аталған жиынды Түркі Академиясы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институтының қолдауымен, Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды. Онда бауырлас мемлекеттердің өкілдері ортақ әліпби идеясын ілгерілету және осы бағыттағы жаңа қадамдарды талқылады. Комиссия отырысының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шаһин Мұстафаев ортақ әліпби мәселесі — түркі халықтары ынтымақтастығының маңызды бағыты екенін атап өтті. «Түркі әлемінің бірлігін нығайту үшін әліпби бірлігіне де мән берілуі тиіс. Соңғы жылдары түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық институционалды сипатқа ие болған сайын, ортақ әліпби мәселесі күн тәртібінде жиі көтеріле бастады, - деді Мұстафаев. Басқосуға Түрік тілі қоғамының президенті Осман Мерт, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті Иса Габиббейли, Ататүрік орталығының төрағасы Низами Джафаров және ТМҰ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Гасан Гасанов, сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерден және бақылаушы мемлекеттерден келген комиссия мүшелері мен тіл білімі саласындағы ғылыми-зерттеу институттардың ғалымдары қатысты. Айта кетейік, Түркі Академиясының базасында жұмыс істейтін комиссия әр тараптан лингвистикалық салаға жауапты екі мүшенің қатысуымен құрылған еді. Комиссияның алғашқы отырысы 2023 жылдың 29 мамырында Астана қаласында өтіп, бірқатар маңызды шешім қабылданған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі