Бақытжан Сағынтаев еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 ақпанда еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысын бастады. Оларды еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында бекіткен. "Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев", – делінген хабарламада. Сондай-ақ ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітті: ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян; ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян; ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович; ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий; ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов; ЕЭК кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Әлішеров; ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев; ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев; ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев. Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев 2024 жылы еуразиялық экономикалық комиссия алқасын басқаратыны айтылды. Ол 2022 жылдың 1 маусымынан бастап еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі қызметін атқарды.