Танымал жүргізушісі Қымбат Досжан Жәнібектің анасын іздеуді әлі жалғастыруда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. «Бармысың, бауырым?» хабары редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын жасауға көндіргенімізді, зерттеу нәтижесі теріс шыққанын өздеріңізге 28 желтоқсан күні тікелей эфирде жарияладық. Нәтижеге дейін, «Жазира» деген келіншектің табылғанын, ол өзінің 2002 жылғы қаңтарда Арқалыққа басқа жақтан барып босанғанын, ұлды болғанын, 4 күннен кейін қолхат жазып кеткенін, тіпті өзінің аты-жөнін өтірік айтқанын да мойындап отыр. ДНҚ нәтижесіне сенімді болу үшін басқа клиникаға, яғни ҚР Әділет министрлігі Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтынан қан құрамы бойынша зерттеу жүргізуді сұраған едік. Қорытынды қолымызға тиді. Екінші нәтиже бойынша да Жазира Жәнібектің биологиялық анасы емес, қорытынды: 0 %. Бала ауыстырылуы мүмкін деген күдік әлі бар. Өйткені Жәнібектің анасы деп көрсетілген, өз қолымен қолхат жазып кеткен және бүкіл оқиғаны мойындап отырған әйел табылды. Сонымен қатар, редакция зерттеу жұмысы барысында Арқалық қаласының Жедел медициналық жәрдем стансасының 2002 жылғы қаңтардың 16-17 күндері қай мекенжайға барып, перзентханаға қанша жүкті әйелді апарғаны жөніндегі мәлімет сұрап, ресми хат жазылды. Өкініштісі, ондай мәлімет жоқ, «Заң бойынша ол мәлімет 2 жыл ғана сақталады» деген ресми жауап келді. Дегенмен, зерттеу жұмысы жалғасады. «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы жақын күндері арнайы Арқалыққа жолға шығады. Осы оқиғаға қатысты маңызды мәлімет білетін адамдар болса, құпия түрде қабылдаймыз, whatsapp: 8-771-321-97-86, Asel, - деп жазды ол.