Бала қауіпсіздігі: елде 14 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді

Маусымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң күшіне енеді. Құжатта кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Балалардың қауіпсіздігі мен олардың алаңсыз өмір сүруі үшін қазір бірнеше ведомство бірігіп түрлі шараны қолға алған. Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанның 8 өңіріндегі мектептерге ДОСБОЛлайк деген бағдарламаны пилоттық режимде іске асырған. Бұл бастама оң нәтиже берген. Сондай-ақ жауапты ведомство балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырып жатыр. Осы бағдарламаға орай елде 14 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істеп тұр. – Балалардың әл-ауқатын арттыру және түрлі саладағы балдырғандарға жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділігін бағалау үшін Балалардың әл-ауқатының индексі әзірленіп, енгізілді. Оларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұдан басқа, өңірлік омбудсмендердің балалық шақ саласындағы құқық қорғау институтының мәртебесі бекітілді. Отбасы, әйелдер және жеткіншектердің құқығын қорғау мәселелері бойынша «111» мемлекеттік бірыңғай сенім телефоны құрылды. Сондай-ақ баланы автобустан түсіруге тыйым салуды көздейтін нормалар енгізілді, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Мектептерде полиция қызметкерлері 1500-ден астам бейресми көшбасшыларды анықтаған. Бұл дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, тәрбиесі нашар балалар. Енді тәртіп сақшылары әрбір осындай кәмелетке толмаған баланың тәртібін түзеу үшін мектеппен бірлесіп, алдын алу жоспарын дайындаған. Күн сайын тиісті жұмыс жүргізіліп, қажет болған жағдайда материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі. – Зорлық-зомбылыққа, қорлауға, буллинг пен кибербуллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі әдістеме бекітілді. Құжатта балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактісі анықталған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен ден қою шаралары жазылған. Маусымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң күшіне енеді, оған кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров. Қазақстанда 7 миллионға жуық бала бар. Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай балалар саны 8 миллионға дейін жетеді. Мұндай көрсеткіштің артып жатқанына елде 2021 жылы қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасы да септігін тигізуде. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген еді. Қазір аталған жоба аясында жыл сайын 3,5 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. – Еліміздің ЭКО саласындағы көрсеткіш Еуропа мемлекеттерінен аспаса, кем түсіп тұрған жоқ. Сондықтан Президент жасап жатқан үлкен бастамасы халық санын артырады. Халық риза, – деді биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова. Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыруға жыл сайын 7 мың квота бөлінеді. Бұрын бұл көрсеткіш жылына 600-700 квота еді. Биыл елде алғаш рет балалардың шотына Ұлттық қордан ақша түсе бастады. Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын беріледі. Ал ата-аналар қанша қаражат түскенін kids.enpf.kz сайтына кіріп тексере алатынын да еске салайық. Айта кетейік, Қазақстанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелерінде ІІМ, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Әлеуметтік қорғау, Мәдениет және ақпарат министрліктері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жұдырықтай жұмылып жұмыс істеп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қайрат Нұрдәулетов «Тұран» командасының тізгінін ұстауы мүмкін
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде чемпион атанды
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды