Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері нәресте кезінен эпилепсиямен ауыратын 25 жастағы пациенттің миына операция жасады.«Анам 1 жасымда алғашқы қысқа мерзімді эпилепсиялық ұстаманы бастан өткергенімді айтқан. Ұстама кезінде қатып қалып, ернім көгеріп, аузымның жан жағы ағарып кетіпті. Алты жасымнан бастап антиконвульсанттарды қабылдай бастадым. Бірақ, жылдар өте келе дәрі-дәрмектердің әсері азайды, ұстамалар жиілеп кетті, бір күнде 3-4 құрысу пайда болды. Әр ұстамадан кейін қалпыма келу үшін көп уақыт қажет болды. Содан ауруым және оны емдеу әдістері туралы ақпаратты іздеуіме тура келді. Ұлттық нейрохирургия орталығының сайты арқылы Гаухар Ибатованың қабылдауына жазылдым. Дәрігерлер МРТ суреттерін зерттеді, зерттеу ұстамалар кезінде жүргізілген икталдық ЭЭГ-тен кейін эпилепсия кезінде хирургиялық емдеу мүмкіндігін айқындады.