"Балабақшада балалар басқа баланы жабылып ұрған". Білім басқармасы өкілдері жағдайды түсіндірді

Әлеуметтік желіде Алматы балабақшаларының біріндегі сұмдық жайттың видеосы тарады. Кадрларда балабақшадағы тәрбиеленушілер басқа баланы жабылып ұрып жатқаны көрінеді. Massaget.kz тілшісі осы мәселеге орай Алматы қаласының білім басқармасына жүгінді.Telegram-арналарда бұл оқиға қаладағы №51 балабақшада болғаны айтылады.Алматы қаласының білім басқармасы мәліметінше, бұл жағдай, расында да, №51 бөбекжай-балабақшасында болған."Тәрбиеші осы сәтте балаларға түскі ас алған басқа бөлмеде болған. Сондықтан балабақша тәрбиеленушілерінің мінез-құлқын бақылай алмады. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды", - деп жауап берді Алматы қаласы білім басқармасы өкілдері Massaget.kz-ке жауабында.Ал Алматы қалалық Полиция департаменті осы дерекке қатысты тексеріс жүргізіп жатыр."3 жасар баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ, балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Алматы маңында жер сілкінді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды