Балабақшада таяқ жеген бүлдіршін ауруханада жатыр

Алматыдағы мемлекеттік балабақшада 3 жасар сәбиді топтағы бірнеше бала аяусыз соққыға жыққан. Бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталуда. Ал ата-аналар болған жайттан есеңгіреп қалғандарын айтады. Анна БАТЫРОВА, АТА-АНА: Бұл балабақшаға екі баламды бірдей бердім, бірі үлкен топта, екіншісі кіші топта. Мен мұнда үнемі тәрбиешілер жетіспейтінін байқайтынмын. Бірақ жағдай осынша ушығады деп ойламадым. Болған жайтты естіп уайымнан есеңгіреп қалдым. Және балалар балабақшадан үйге қарны ашып келеді. Үлкен балам ондағы тамақтың дәмсіз болып жегісі келмегенін айтады. Енді мен бұл жерге балаларымды қалай сеніп тапсырамын. Қалалық білім басқармасы оқиға №51 бөбекжай-балабақшасында болғанын растады. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс берілген. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды. Әлия САҒИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  балабақшаның администрациясының айтуы бойынша тәрбиеші топта жалғыз өзі істеген, түскі уақытта түскі асты алуға шығып кеткен. Бұл меңгерушінің де жұмысы. Тәрбиеші балаларды жалғыз қалдырмауы керек еді. Бала күтушісі топта жоқ болса меңгеруші басқа адамды қоюы керек еді. Қазір полиция іс қозғады. Осы іс біткен кезде бүкіл шараларды қолданамыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі