Балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай базасы іске қосылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жою мақсатында «Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» әзірленді. Жоба еліміздің екі өңірінде пилоттық режимде іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.Жаңа модель отбасының сұранысына байланысты төрт балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік береді. Орындарды бөлу процесін ашық жүргізу үшін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында SMS-хабарлама жіберіледі. Балабақша мен ондағы бос орындар туралы ақпаратты «Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» шеңберінде электрондық үкімет порталындағы Карта арқылы алуға болады. Ата-ана картаны басшылыққа ала отырып, тұрғылықты жерінің маңындағы, жұмысына жақын немесе басқа жеке қалауы бойынша балабақшаны таңдай алады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін өтініш берудің бірнеше тәсілдері енгізілді. Атап айтсақ: электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және жергілікті атқарушы органдардың платформалары. Бұдан басқа, жеңілдік мәртебесін растау үшін қағаз анықтамаларды жинау алынып тасталады. Олар автоматты түрде мемлекеттік дерекқорлардан алынады. Балабақша таңдалғаннан кейін кезек нөмірі беріліп, ата-анаға хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, егер отбасында екіден көп бала болса, оларды бір балабақшаға қабылдау мүмкіндігі беріледі. Бүгінде жоба Шахтинск және Петропавл қалаларында жүзеге асырылуда. Пилот аяқталғаннан кейін «Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» бүкіл ел бойынша енгізіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді