Балабақшаларға бөлінген бюджет қаржысы «Qazna face» қосымшасы арқылы бақылауға алынады

«Qazna face» қосымшасы: енді балабақшаларға бөлінген бюджет қаржысы бақылауға алынадыАтырау қаласында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балабақшаларға бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсау үшін қаладағы бөбекжайларға «Qazna face» қосымшасы пилоттық жоба ретінде іске қосылды. Осы күнге дейін қосымша тек екі балабақшаға орнатылып, жоба оң нәтиже беріп келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Аталған қосымшаны енді барлық бөбекжайға енгізу үшін жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова айтты.Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл бұл қосымшаны енгізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін жергілікті бюджет есебінен берілген мемлекеттік тапсырыстың нысаналы түрде балаға жеткенін анықтайтын функция қалалық білім беру бөлімінде болған жоқ. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, жекеменшік бөбекжайлар 7 897 тәрбиеленушіге 53 878 теңге көлемінде ай сайын мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Енді «Qazna face» қосымшасын барлық бөбекжайға жергілікті бюджет қаражатын үнемді жұмсау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгіземіз. Бұл мобильдік қосымшаны іске қоспай тұрып, өзіміз жүргізген мониторинг нәтижесінде бір аптада 2 млн теңге қаражатты жергілікті бюджетке қайтардық. Ал "өлі жандар" фактісі жиіленіп кетуіне және 1 471 орын бос тұруына байланысты конкурстық рәсімдер қалалық білім бөлімінің тарапынан өткізілген жоқ. Тиісті конкурстық рәсімдерді 2024 жылдың 5 маусымында өткізуді жоспарлап отырмыз,-деді қаланың бас ұстазы.№43 «Арман» балабақшасына «Qazna face» қосымшасы пилоттық жоба ретінде енгізілді. Бөбекжай басшысы Гүлбаршын Қарабасованың айтуынша, қосымша мекеме басшысы мен тәрбиешінің ұялы телефонына орнатылады. Бала денсаулығына қауіп төндірмейді.Біздер бұл қосымшамен өткен жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейміз. Жүйенің негізгі мақсаты - баланың балабақшаға қатысын табельге түсіріп, қадағалап отырамыз. Бұл баланың денсаулығына қауіп төндірмейді. Бала туралы мәлімет үшінші тұлғаға берілмейді. Ата-аналар да қосымша орнатуға бірден келісті,-деді Гүлбаршын Қарабасова. Айта кетейік, елімізде «Qazna face» қосымшасы Қызылорда облысы мен Атырау қаласында іске қосылған. Атырау қаласында 45 мемлекеттік балабақша бар. Жекеменшік 76 балабақша мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
14 жасар қазақстандық теннисші Еуропадағы "Жылдың ұздік ойыншысы" атанды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды