Балаға қатысты зорлық-зомбылықты жасырған ата-анаға жаза күшеймек

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған зорлық-зомбылық фактілерін жасырып қалған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген балалардың құқығын қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобына кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасау фактілерін жасыратын ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты қылмыстық жауаптылықты енгізу бөлігінде ұсыныстар енгізу көзделеді», - делінген құжатта. Мұнымен қатар, қолданыстағы өзге де заңнамаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. «Қолданыстағы заңнамаға сот құқық бұзушының (агрессор) кәмелетке толмағандарға қатысты мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу қарастырылады», - деп көрсетілген кешенді жоспарда. Бұл орайда, балаға агрессия көрсеткен адам сотқа дейін бүлдіршінмен бірге тұрмайды. Яғни, құқық бұзушы тұрғын үйден уақытша шығарылады. Жоспарға сай, аталған жұмыстар биылғы жылдың үшінші тоқсаны мен келесі жылдың бірінші тоқсанында кезең-кезеңімен қолға алынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа қызметке кіріскен түрік балуаны қойды құрбандыққа шалды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Маңғыстауда ҚАЖД-да Халықаралық ынтымақтастық күні аталып өтті
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады