Балалар ел ішінде тегін ұшу үшін не істеу керек?

Қазақстанда «Kids Go Free» бағдарламасы іске қосылып, балалар ел ішінде тегін ұша алады, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.Осыған дейін бағдарламаны тиімді пайдаланып, 3406 бала ел ішінде тегін ұшқан. Ал жалпы берілген өтініштер бойынша 166 млн теңге төленеді. Өткен жылғы жағдай бойынша балалардың әуе билеттерін өтеуге 1 612 өтініш берілген. Бағдарлама қалай жұмыс істейді, билет сатып аларда нені білу керек, саралап көрелік. Бағдарлама шарты қандай? Бағдарламаға қатысу үшін бірнеше шарт көрсетілген. Ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы болу керек. Сондай-ақ бұл 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға жарамды. Сапар барысында балалар тек ата-аналарының, ата-әжелерінің және т. б. сүйемелдеуімен ұша алады. Ең басты шарты – билет туристік фирмалар арқылы сатылып алынуы керек. Яғни туристік жолдама ішкі туризмге лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс. Сонда жолдама бағасына балалар әуебилетінің ақысы қосылмайды. Және туристік пакетте қонақүйге орналастыру қызметтері болуы керек. Бұл сол жолдама құнына кіреді. Бұл қалай жұмыс істейді? Алдымен төмендегі тізімдегі туроператордың біріне жүгіну керек. Толық тізімді арнайы сайт (https://kids.gofree.kz) арқылы көруге болады. Содан соң Қазақстан бойынша демалыс жолдамасын таңдап, балаларға авиабилеттер құнын төлемей оны сатып алуға болады. Туроператорлар төлемді қалай қайтара алады? Туристердің демалу мерзімі аяқталғаннан соң "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ға ұсыну үшін құжаттар пакетін жасақтау керек. Субсидия алуға өтінімді ресімдеп, оны компания мекенжайына қағаз немесе электрондық нысанда жіберу қажет. Келіп түскен өтініштер 2 жұмыс күнінде қаралады. Егер құжаттар түгел емес болған жағдайда ұйым жазбаша туроператорға хат жолдайды. Оператор жоқ құжаттарды түгелдеп, қайта жолдауға құқылы. Егер құжат түгел болса ұйым 10 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтару туралы шешім қабылдайды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды
“Барселона“ Неймармен келісімге келді
Өзбекстан құрамасындағы қазақ чемпион кәсіпқой боксқа кетті
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды
Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларды қолдайтын кітап шықты
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы жарияланды
Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық жаңа балабақша ашылады
АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырды: елімізге қандай әсері бар?
Түркия музейлері: тарих пен заманауи технологияның үйлесімі
БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады
Депутаттар несиені кешіруді ұсынды