Балалар енді желіде күніне 60 минут қана отыра алады

Балалар енді желіде күніне 60 минут қана отыра алады. TikTok жақын арада жаңа функцияны енгізбек. Осы арқылы ата-ана баласының желіде отыратын уақытын шектейді. Уақыт аяқталғаннан кейін қайта кіру үшін компания баланың ата-анасынан арнайы код сұрайды. Рұқсат берсе, тағы 30 минут пайдалануға рұқсат бар. Мұндай шектеу баланың телефонға тәуелділігін төмендете ала ма? Әлде, бос әурешілік пе? Аружан Задабек зерттеді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Менің бүгінгі тақырыбым, тик-ток желісі жайлы болмақ. Жасыратыны жоқ, үлкені де, кішісі де бұл желіні көп пайдаланамыз. Тіпті, күніміздің жартысы осы желідегі видеоларды тамашалаумен өтетіні де жасырын емес. Мен дәл қазір бұл желінің балаға, жалпы адамға қаншалықты зиян екенін сіздерге дәлелдеп көрпекпін. Ол үшін бір күн бойы тик-ток желісінен бас алмай қараймын. Мендегі өзгерісті сіздер менімен бірге білетін боласыздар. Шыққаны кеше ғана, бірақ бұл қосымша бүкіл әлемді жаулап үлгерді. Тіпті қолданушылар саны бойынша ютуб, инстаграм, фейсбуктан да асып түсті. Трендке айналғаны сонша, бала көзін тырнап аша сала осыған ынтығады. Кім кірсе де, шыға алмайтыны анық. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мен телефонмен бір сағат отырдым. Өзімдегі өзгерісті байқау үшін дәл жанымыздағы дәріханаға келдім. Қазір көрейік. Менің қан қысымымда қандай да бір өзгерістер болды ма екен? Менің қан қысымымның төмен екенін ескерсек, 140/90 мен үшін жоғары. Демек телефонның әсері болады екен. Бір сағаттан кейін, төбе құйқам шымырлап, басымның солқ-солқ етпесі бар ма? Әрі қарай көрейік. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мен түсірілім алаңындамын. Әлгі эмоциядан әлі де шыға алмай отырмын. Кішкене шаршаңқылық бар. Осындайда, шынымен, тик-токқа шектеу қойылу керек па деп ойланып қаласың. Ал, халық қалай ойлайды? БЛИЦ: - Давно пора! Потому что тефоннан басқа кітап оқығысы келмейді. Оқуға барғысы келмейді. Тик-токтан шықпайды. - Барлығы телефонмен күнімен, түнімен 24 сағат құшақтап жатады. Одан олар ауру болды. Милары істемейді, денсаулығы жоқ. Мен қарсымын телефонға. - Күндегі тәрбиені телефоннан қарап жатыр. Ата-анада уақыт жоқ. Міне, осы жақсы. Мен қолдаймын. - Қолдамаймын. Өйткені, мен, өзім көп отырамын. Қолдамаймын деген жасөспірімнің жасы – 15-те. Ол бұл бастаманың жәй ғана әурешілік екенін айтады. Өйткені, желіні пайдаланамын деген бала, жасын өзгертіп, қалағанынша отыра алады – дейді. Өзі де солай жасайды екен. Әйгерім ТҰҢҒЫШБАЙҚЫЗЫ, ДӘРІГЕР: Спорт жоқ, денесі бір қалыпта. Мойыны бір қалыпта. Ерте қан айналым бұзылады. Көзге керек қорек дұрыс келмейді қан айналым бұзылғаннан кейін. Кеш қарая сіркем су көтермей, болмашыға ашулана бастадым. Бұл да тик-токтың әсері дейді – психолог. Мөлдір БОЛАТҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ: Адами нормаларға сәйкес келмейтін нәрселерді норма ретінде көрсетеді. Мысалы, жеуге болмайтын нәрселерді, қиюға болмайтын нәрселерді қиып тастау деген сияқты. Құндылықтарды жойып жатыр. Тура бір апта бұрын бірнеше мемлекет Тик Токты өз елдерінде бұғаттады. Америка конгресі шектеу қойды. Көршілес Қырғызстанда да депутаттар желіні бұғаттау мәселесін қолға алды. Осыдан кейін бе, әйтеуір, платформа басшылары осындай шектеу қоюды қолға алды. Жаңа өзгерістерге сәйкес ата-аналар ТикТокқа кіру уақытын өздері белгілей алады. Тіптен мүлдем смартфондарынан өшіріп, ешқашан жүктей алмайтындай бұғаттауына мүмкіндік бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кәсіби футболға бөлінетін қаржы 2 млрд-тан астам теңгеге қысқарды
Джалоловты жеңген қазақстандық боксшыға жұдырықтасуға тыйым салынды
Ұшақ апаты. Көлік министрлігі мәлімдеме жасады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды