«Балалар жылы сахнаның айналасында қалып қойды», - мәдениеттанушы

Балалар жылы «балаларға» не берді? 2022 жылды бүлдіршіндерге арнағаннан кейін, түрлі іс-шара мен кештердің көбейгені жасырын емес. Бірақ, нақты шешілген мәселелер туралы халық біле бермейді. Сонда балалар жылы ән-күймен ғана шектелді ме? Аружан Задабек тарқатады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік салалар бойынша нақты тапсырмалар берді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. «Балалар жылы аясында». Бұл биылғы жылы ең көп айтылған сөзі. «Хитке» айналды. Бір шара өтсе соңына осы сөйлемді тіркестіріп қоямыз. Оның балаларға қатысы бар ма, жоқ па, ойланып жатқан адам жоқ. Сонда балалар жылы – ән мен күйдің жылы болғаны ма? Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ: Биылға балалар жыл екенін көпшілік білмейді да. Ол балалар жылы сол анау мәдениет сарайлары мен оқушылар сарайлары деген сияқты , сондай сахнаның айналасында ғана қалып кетті деген сөз да. Яғни, біріншіден насихаты нашар болды. Көп ата-аналар құлақтанбады деген сөз. Осы балалар жылының аясында ұсынылатын мүмкіндіктерді де көпшілік білмеді деген сөз. Осынадайда Мемлекет басшысы айтқан "бұл – мерекелік шарамен ғана шектелмеу керек" деген сөз қайда қалды деп ойланып қаласың. Хош, балалар жылының қалай өткені туралы халықтың өзі айтсын деп, көптің пікірін сұрадық. Сұмдығы сол, биыл балалар жылы болғанын жұрт білмейді де. БЛИЦ: - 2022 жылды қандай жыл деп жариялағанын білесіз ба? – Жастар жылы ғой. – Жастар жылы?.... - Әрекеттер жасалып жатқан шығар. Білмеймін оның точносын. - Өткілмейді. Өткізіліп жатқан жоқ бізде ештеңе де. Өткізіліп жатыр деп ойламын мен даже. Жылдың аяқталуына санаулы ғана күндер қалды. Содан кейін бе, мекемелер балалар жылында істеген «жақсылықтарын» айтып жарысуда. Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов биыл кибербуллингке қарсы заң жобасы әзірленгенін айтты. Сөйте тұра, жыл ішінде 8000-нан астам бала кибербуллингтің құрбаны болған. Сонда «балалар жылының» балаларға қайыры болмай тұр ма? Қанат ЫСҚАҚОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ең алдымен біз нақты түсінуіміз керекпіз, қазіргі таңда зорлық-зомбылық көбінесе әлеуметтік желелерде көбейді. Әсіресе балаларға қатысты. Ол зорлық-зомбылық әрекеттері көбінесе неге әкелуі мүмкін? Өкінішке орай, суйцид әрекеттеріне әкелуі керек. Балалар қорғаймыз деп жүргенде, нәрестелерді сату дерегі көбейген. Биыл бүлдіршінді пұлдаған 9 адам анықталды. Бұл – тіркелгені, тіркелмегені қанша? Константин АВЕРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Перзентханада балаға Жеке сәйкестендіру нөмірін тағайындау туралы шешімді туғаннан кейін дереу қабылдау керек. Денсаулық сақтау, білім беру, әділет органдары арқылы туған баланы және олардың кейінгі өмірін тіркеудің кросс жүйесін біріктіру қажет. Сонда бала сату дегені азаяр еді. Балалар жылы қарсаңында Президент айтқан бастаманың бірі – бала денсаулығын сақтау. Алайда, соңғы кезде ана мен бала өлімі де жиіледі. Әсіресе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарына өршіп тұр. Бүлдіршін саулығын бірінші орынға қоямыз деген жылы неге мұндай дерек көп? Десе де, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды да жоққа шығара алмаймыз. 100 мың балаға операция жасалып, 71 бала шетелдік клиникаларға жіберілген. Ұлттық онкогематологиялық орталық ашылды. Вячеслав ДУДНИК, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Республикада емдеу мүмкін болмаған жағдайда балалар "Шетелде емделу" бағдарламасы шеңберінде ем алады. 2022 жылдың ішінде жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаражатпен 71 бала қамтылып, шетелге жіберілді. Негізгі бағытқа Түркия, Германия, Үндістан, Ресей елдері кіреді. Елімізде 6,6 миллионнан астам бала бар. Оның ішінде 5 жасқа дейінгі бала саны – 2,5 млн, оқушы – 3,4 млн құрайды. Сарапшылар жыл ішінде балаға пайдалы біршама жобаның іске асқанына сенімді. Тек халықты сол ақпаратпен құлақтандыру мәселесі елде ақсап тұр. Сондықтан болар балалар жылының қорытындысы қандай, кім қандай көмек алды, мұнын бәрі көпке беймәлім. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Насыр – үздік баяншы
Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтар белгілі болды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады