Премьер-министр әкімдерге мемлекет ақшасына салынған барлық тұрғын үйді жедел тексеруді тапсырды. Бюджеттің қыруар қаражатына салынған құрылыстарды қайта қарап, кемшіліктерді тез арада жою керек. Балалардың ойнайтын жерлерінен бастап, жолдарына дейін қайта жөндеуді ескертті.Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған үйлер мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Мемлекет тұрғын үй құрылысына қомақты қаржы бөледі. Бірақ мына аулалардың суретін көрсетіңізші. Мұндай үйлер салынған аймақтарды атамаймын. Бір нәрсені нақты айта аламын: барлық жерде шамамен осындай жағдай. Балалар қайда ойнап жүргенін қараңыздар, абаттандыру, жолдарды қараңыз. Қазір бұл қалыпты ма? А. Базарбай