«Балалар қираған үйдің жанында ақ мата төсеп, соның үстінде ұйықтауға әзірленіп жатыр»,- қазақстандық құтқарушылар

«Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою қиынға соқты». Президент тапсырмасымен Ауғанстанға аттанған қазақстандық құтқарушылар осылай дейді. Олар сапар барысында атқарған жұмыстары, таңғажайып оқиғалар мен нендей кедергілерге тап болғаны жөнінде айтты. Еске салайық, 7 қазанда Ауғанстанның батысындағы магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Нәтижесінде 3 ауыл толығымен қирап қалған. Ауғанстанға елімізден 45 құтқарушы аттанған. Оларға зерттеу жүргізу үшін ең қиын аумақтардың бірі - Наиброфи елдімекені тапсырылды. Мұнда 700-ден астам үй болған. Содан түк қалмаған. Қазақстандық құтқарушылар аумақты толық тексеріп, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. «Бір қатармен» әдісі бойынша 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Бірқатар қиындықтарға тап болды. Мәселен, мұндағы климат қолайсыз. Түсте қапырық қинаса, ал түн ызғарлы болады екен. Сонымен қатар шаңды дауыл жиі мазалады дейді. Ал үйлердің саз-балшық, сабаннан салынғаны жұмысты қиындата түскен. Владимир ЦОЙ, ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өзімізбен алып барған гидравликалық, пневматикалық құрал-жабдықтарымыздың қажеті болмай қалды. Өйткені үйлер саз-балшықтан тұрғызылған. Қолға күрек алып жұмыс істеуге тура келді. Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында біз қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін таптық. Жығылғанға жұдырық болғандай қазанның 11-і өңірде тағы жер сілкінісі болды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өйткені бірінші жер сілкінісінен қорқып қалған тұрғындар далада палатка құрып, түнеген. Қазақстандық құтқарушылар 80 адамға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті. Владимир ЦОЙ, ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Кезекті аумақты тексеріп жүргенде шамамен 10 жасар 3 баланы көріп қалдық. Олар қираған үйдің жанында ақ мата төсеп, соның үстінде ұйықтауға әзірленіп жатыр екен. Сөйтсе, ата-анасы, отбасындағы барлық туғандары қайтыс болған екен. Медицина қызметкерлеріміз оларға тиісті көмек көрсетті. Жергілікті тұрғындар бізге ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтып жатты. Сенімді серік бола білген қызметтік иттердің де көмегі зор болды. Кинологтардың айтуынша, олар тірі адамдарды ғана табуға қауқарлы. Бірақ бұл сапарда иттер,тіпті, мәйіттерді сезіп, денелерді алып шығуға атсалысқан. «Бұл таңғажайып жағдай»,- дейді мамандар. Әділет ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ, КИНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМНІҢ МАМАНЫ: Үйінділер астында ауылшаруашылық малдары бастырылып қалған. Солардың иістері болды. Итке сол қиындық болды. Бірақ соған қарамастан, біздің қызметтік иттер аралап, алдыға қойған тапсырмаларын бәрін орындадық. Қираған, құлаған үйлердің астында тірі адам бар деген ақпарат жоқ бізде. Итіміз тірі адам жоқ деп айтты. Қазақстандық құтқарушылар Ауған жерінде 3 күн болды. Бұдан бөлек көмекке Түркменстан, Иран, Түркия елдерінен құтқарушылар келген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген
16 желтоқсан Шымкенттік ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі тұрып қалды: 13 желтоқсан 2024, 11:27 - жаңалықтар Tengrinews.kz
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен ЕҮАК отырысына қатысты
Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Ғылыми-педагогикалық сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ұландар шетел азаматына көмек көрсетті
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)