Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасылар ерекше бақылауға алынады

Бас Прокурордың төрағалығымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша министрліктер басшылары мен бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кеңесте балалар жарақаттануының себептері, кәмелетке толмағандар арасындағы балалар суицидінің және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыс талқыланды. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету үшін IT-технологияларды пайдаланудың жаңа тәсілдері қарастырылды. Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу саласында ведомство қызметкерлері қолайсыз отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға барады. Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сыналып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ мемлекеттік органдардың 80-нен астам дерекқоры біріктірілген «Отбасының цифрлық картасының» мүмкіндіктерін ұсынды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетулерді қамтитын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстар келтірді. Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайтын болады. Іс-шара соңында Бас прокурор Берік Асылов пен юала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева меморандумға қол қойды. Тараптар өзара ынтымақтастық жөнінде уағдаласты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
"Бешікташ" Зайнутдиновсыз жеңіске жете алмады (ВИДЕО)
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Қосымша жұмыс істегені үшін қызметтен кетті
Қазақстандық теннисші қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті
Қосшы қаласында 100-ге тарта отбасы қоныс тойын тойлады
Лепсі арқылы Балқаш көліне апаратын жол қашан ашылады
Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту оңайлауы мүмкін