Балалар омбудсмені ашық люктер үшін әкімдерді жазалауды ұсынды. "Толық тексеру жүргізіп, инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген және балалар өліміне әкеп соққан немқұрайлылыққа жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту қажет деп санаймын. Осы салаға жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың басшыларын, аталған аудан әкімдерін де жауапқа тарту қажет», - деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желіде. Балалар омбудсмені бұл үндеуін тиісті органдарға жіберетінін айтты. Еске салайық, Түркістанда жоғалған төрт жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылған болатын. Үйінен ойнауға шығып кетіп, оралмаған бүлдіршінді іздеуге полиция департаментінің барлық құрылымдары, Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды. Сондай-ақ, еріктілер, жергілікті тұрғындар мен оқиғаға бей-жай қарай алмаған азаматтар көмек көрсетті. Полиция оқиғаның мән-жайын қазір егжей-тегжейлі анықтап жатыр.Бағланбек АЙТПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Баланың денесін медицина сараптамалар тексерді. Ал мәйітінде зорлық – зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобының қызметкерлері Полиция департаменті мен прокуратураның басшылары жұмыс жасауда.