"Балалар отпен ойнаған": Шымкентте әйел өрт болған көрші үйден алты баланы құтқарып қалды

Шымкент тұрғыны өртеніп жатқан үйге кіріп, көрші алты баланы аман алып қалды. Деректерге сай, балалар қараусыз қалып отпен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлайды.Оқиға болған түні Марина Гафарова отқа оранған балалардың көмекке шақырған дауысын естіген. Кейін үйінің терезесінен қарап көрші үйдің өртеніп жатқанын көрген. Өрт сөндірушілерді күтетін уақыттың жоқ екенін ұққан әйел бірден балаларды өзі құтқаруға бекінген. Әйел ойланбастан әйнекті сындырып, өртеніп жатқан көрші үйге кіріп кәмелетке толмаған алты баланы алып шыққан. Марина Гафарованы ерлігі үшін құтқарушылар марапаттады. Маринаның өзі төрт баланың анасы. Ол өртті көргенде үйден жалаңаяқ жүгіріп шығып, үш метрлік қоршаудан секіргенін айтады. Ал үйдегі газ баллонды көргенде бірден күйеуін көмекке шақырған. "Үйлеріміз бір-біріне өте жақын орналасқан. Балалардың жылағанын естіп, жүгіріп шықтым. Мұнда газ баллоны бар екен. Ол кез келген минутта жарылып кетуі мүмкін еді", – деді Марина. Деректерге сай, алты баланың анасы оларды жалдамалы үйінде қараусыз қалдырып, кетіп қалған. Қараусыз қалған балалар ұйықтамай, отпен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан. "Әйел осы үйден кәмелетке толмаған алты баланы құтқарып, ерлік көрсетті. Өрттің шығу себебі – балалардың отқа абайсыз қарауы", – деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы. Енді Марина құтқарушылар үшін ең жоғары марапат – өрт кезінде көрсеткен ерлігі үшін медаль алуы мүмкін. Барлық құжаттар министрлікке жіберіліп қойған. Ал өрт болған үйдегі отбасы туралы ештеңе белгісіз. Марина Гафарова құтқарылған балалардың ата-аналары алғыс та айтпағанын жеткізді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шайдоров пен Самоделкина Қазақстан атынан АҚШ-тағы әлем чемпионатына қатысады
Жайлы мектеп: Атрауда биыл 2 білім ордасының құрылысы басталады
Ақтөбе облысында сегіз адам қар құрсауында қалған
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды
Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларды қолдайтын кітап шықты
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы жарияланды
Америкалық баскетболшы тарихи нәтижеге қол жеткізді
Салық органдарының ескертуінен кейін блогерлер қанша салық төледі?
Депутат зейнеткерлердің банктер алдындағы қарызын кешіруді ұсынды