Қазір балалар компьютерлік ойынға тәуелді. Интернет клубқа күніне, шамамен, мыңдаған бала барады. Олар атыс-шабыс ойындардан бөлек, бейәдеп көріністерге толы, порнографиялық сипаттағы ойындарға бейім. Күн-түн демей, көк жәшікке телміретіндердің құмарын ашатын не? Аружан Задабек осындай орындарға барып, жағдайды өзі көріп келді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Астананың кез-келген бұрышынан дәл осындай компьютерлік клубтарды кездестіруге болады. Солардың біріне өз көзіммен көрейін деп, мен де келдім. Ішкі тіршілігі қандай екен? Көрейік.Жастар құмартатын интернет клубына бет алғаным сол еді, бірнешеуі менімен жарысып, ішке кіруге асықты. Бірнешеуін кідіртіп, сөзге тарттым. Бақдәулет ОРАЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Сабақ аз болатын күндер болады. Сонда достарымызбеп келіп тұратынымыз бар. Бір-екі шамалы ойындар ойнап, бос уақытта кішкене сергіп... Бақдәулеттің жанындағы жолдасы мені, тіпті, таңқалдырды. Ол аптаның жеті күнін осы ойын алаңында өткізеді. 18-ге енді толған жігіт күніне бес сағатымды компьютерлік ойындарға арнаймын дейді. Нұрлыхан СЕЙІТХАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Кейбір күндері ночьқа алып, 12 сағат ойнайтын кездеріміз болады. 14 сағат ойнайтын кездеріміз болады. Даже кейбір күндері өзіміздің балалармен келіп, бір күн ойнайтын кезіміз де болады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Хош, жүз рет айтқанша бір рет көрейін деп клубқа мен де кірдім. Міне, іш лық толы. Барлығы экранға телміріп отыр. Байқағанымыз мұнда отырғандардың дені – жастар. Тіпті, кәмелетке толмаған балалар да бар.Ішке кіре сала көк түтінге уланып қала жаздадық. Көргеніміз - қап-қараңғы жер, қолына бір-бір энергетикалық сусын ұстаған жастар. Құдды бір, өзге әлемге түскендей күй кешесің. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мұнда жиналған балалардың бір-біріне қарауға шамасы жоқ. Барлығы ойынға кіріп кеткен. – Кешіріңіз, қандай ойын ойнап отырсыз? Қызық па? - Бұл «Counter strıke» ойыны. – Қанша уақытта кірдіңіз? – Қазір бес сағатқа кірдік. – Бес сағатқа қанша теңге төледіңіз? – Үшеумізге общий төледік, 5400 теңгеге кірдік. Біз барған компьютерлік клуб әкімшісінің өзі бұл жерге кәмелетке толмаған балалар жиі келетінін мойындады. Бірақ камераға түсуден бас тартты. Егер 18-ге толмаған жеткіншек түнгі уақытты осында өткізсе, қандай жауапкершілікке тартылады? Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: ҚР ӘҚК 442-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, жасөспірім, яғни кәмелетке болмаған балалардың заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда түнгі 23:00-ден кейін жүріп-тұруына тыйым салынады. Аталған бап бойынша Астана қаласы ПД ювеналды полиция қызметкерлері 2022 жылы 3500 ата-ананы жауапкершілікке тартса, 2023 жылдың басынан 153 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Алайда, бұған мән беріп жатқан ата-ана жоқ дейді қоғам белсендісі. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Бала деген ол, «қарамасаң бала кетеді» деген сөз бар ғой. Бала деген ол бір ағаш сияқты. Егер дұрыстап қарамасаң, ол қисық өседі. Сондықтан бала өз бетімен қалмау керек. Оған әрдайым бағыти-бағдар беріп, үнемі қадағалауда болу керек. Белсенділер компьтерлік ойындардың соңы құмарлыққа алып келеді дейді. Ал құмарлықтың өрісі кеңейсе қылмыс көбейеді. А. Задабек