Алматы облысында ер адам балаларды байлап, пышақпен қорқытқан. Видео әлеуметтік желіде тарады. Күдікті үйге басып кіріп, жеткіншектердің аяқ-қолын байлап тастаған. Абырой болғанда кәмелетке толмағандардың айқайын көршілері естіп, көмекке келген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шабуыл жасаған азамат бұған дейін «зорлау» фактісі бойынша сотты болған. Бауыржан ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫ: Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды.