«Балалардың бетін тілді, байлады, пышақтады…»

«Балалардың бетін тілді, байлады, пышақтады…»

Алматы облысы, Таран ауылында 15 ақпанда ер адам төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінген еді. Сол күні азапты сәтті басынан өткерген төрт бала оқиғаның қалай болғанын  "Көреміз" бағдарламасында айтты.     Төрт баланың анасы дүкенге кеткен сәтте 47 жастағы азамат терезені сындырып, үйге баса көктеп кірген. Үйдегі бір баланың қол-аяғын байлап, екіншісінің ернін тілген. Ал қалған екі бала сол сәтте мектептен келген. Оқушылар қақпаны ашқан бойда күдіктене бастадық дейді."Қақпадан кірдік. Есікті тоқылдатқан кезде ешкім ашпады. Сосын айқайлаған соң есікті ашты. Кіріп бара жатқан кезде оны көрмедік. Аяқ-киімімізді шешейін деп жатқан кезде пеш жақта тұр екен. Кімсіз деп сұраған соң маскашын шешті. Сосын барып таныдық. "Мен сендерді өлтіремін" - деді. Есік алдында тұрып басымыздан ұрып, ұшырып жіберді. Сөйтіп ағам ішке қарай кіріп есікті құлыптап алды. Ол асханада қалып кетті. Мен ұн салатын эәшіктің артына тығылып қалдым", - деді балалардың бірі. Үйдің үлкені қашып құтылуға тырысқанымен еңгезердей еркек дес бермеген көрінеді. Алысып-арпалысып, ақырында оқушының сөмкесіне жармасып, арқасына пышақ сұққан. "Терезені сындыруға кетті. Бір уақытта қашып бара жатқан кезімде сөмкемнен ұстады. Сосын әрі қарай қашайын деп едім, арқамнан 3-4 рет пышақтады", - деді балалардың бірі. Қалған балалар да күдіктімен арпалысып, қолдарына түскен ыдыс-аяқты лақтырған. Ақырында ашуға әбден булыққан еркек кенже баланың көзін көгертіп, аяқ-қолын кісендепті. Ең сорақысы Қаршадай қызды арғылау бөлмеге апарып әбден қорқытқан. "Сен маған жақындама, жақындасаң ыдыс-аяқты лақтырамын деді. Сосын інімді көтеріп, еденге лақтырды. Сосын көзін көгертті. Аяқ-қолы мен мойнын байлап тастады. Сосын жатын бөлмеге апарып маған айтқанымды істесең жіберемін деді. Сосын ағам оның қолын тістеп алды. Сосын екі ағамның бірінің бетін, екіншісінің ернін тілді. Үстіне сұр водолозка, қара джинсы шалбар киген. Бетінде маскасы бар. Біріншісінде ақ қолғап, екіншісінде көк қолғап киді", - деді қыз.Минут сайын жылаған балалардың дауысын естіген көршілері үйге келген. Бірақ бұл мезетте ер адам сынған терезеден қашып үлгерген. "Көршімнің үйіне ыдыс-аяқтар келген екен. 18:05 кеткенде көрші тәте екеуміз үйден шығып кеттік. Ыдысты алып, 18:25-те үйге келіп қалған кезде, жанымдағы тәтенің телефон шырылдады. Ақмарал тәтенің балаларын өлтіріп кетіпті деп айтты. Мен содан ары қарай не болғанын білмеймін. Сосын ыдыс-аяққа не үшін бардым деп өз-өзімді қатты кінәладым", - деді балалардың анасы Ақмарал Жаргубенова. Балалардың анасы төрт баласына қорлық көрсеткен ер адаммен кездейсоқ Tik-Tok арқылы танысқан екен. "Сенің нөміріңді Маржан сұрап жатыр деген соң, Шымкенттегі Маржан есімді құрбым бірден есіме түсті. Соның ағасы екен деп ойлап, нөмірімді бердім. Сөйтсем бір күні TikTok-тан екеуіміз үйленейік, сені алақанымда ұстаймын деп жазды. Бірақ мен төрт балам бар, ешкімге тұрмысқа шықпаймын, өзім асыраймын деп айттым. Бірақ 6 қазан күні ол қарындасымен бірге туған күніммен құттықтап келді. Бірақ қарындасын мүлде танымадым. Сонда да үйге кіргіздім. Бірге туған күн тойладық. Туған күнім өткен соң бір аптадан соң Бақытжан үй жаққа пышақпен келіп, мені қорқытты. "Егер менің айтқанымды істемейтін болсаң қызыңды зорлаймын. Қызыңды зорлап, төрт балаңды көзіңше сойып, саған білгенімді істеп, пышақтап кетемін. Мені ешкім таппайды" деп айтты", - деді әйел.Төрт баланың анасы ер адаммен мұсылманша неке қиып та үлгерген. Ал 47 жастағы ер адам құрылыс саласында жұмыс істейді. Бұған дейін де бірнеше рет істі болған. 2007 жылы Қылмыстық кодекстің 120 бабы "Адам зорлау" ісі бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеп шыққан соң алматылық Айгүл есімді әйелге үйленген. Ерлі-зайыпты үш жыл отасып, артынша ажырасқан. "Үш жыл бірге тұрғанбыз. Бәрі жақсы болды. Маған қолының ұшын да тигізбеген. Арақ ішкен жоқ, темекі шеккен жоқ. Жұмысын істеп жүрді. Мен бала көтере алмадым, сосын ажырастық. Оған бала туып беретін, жақсы әйелге жолық деп тілек білдірдім. 7-8 ай бұрын хабарласып, бір қыз жолықтырдым, 3-4 баласы бар деп айтқан болатын", - деді күдіктінің бұрынғы әйелі. Ал күдіктінің қарындасы Маржан Исақұлованың айтуынша, ағасының жауыз әрекетке баруына Ақмаралдың түсік жасатуы себеп болған. "Даудың басы түсік болып тұр. Ағам маған хабарласып "Сүйінші, бұйырса әке боламын" деп айтты. Екі-үш күн өткеннен кейін ағама баланы алдыртамын ақша бер деп айтқан екен. Содан екі күн өткен соң Ақмаралдың өзі хабарласып, "ақша бер, баланы алдыртамын" деді. Одан кейін тағы хабарласып "бір миллион ақша керек, омырауымда ісік бар, соны жасатуым керек" деп айтты", - деді күдіктінің қарындасы Маржан Исақұлова. Қазіргі таңда балаларды қорқытқан күдікті қамауға алынған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүріп жатыр. 

«Басты қарсылас – Қазақстан»: Өзбек бапкері Азия чемпионатындағы бәсеке туралы айтты
«Басты қарсылас – Қазақстан»: Өзбек бапкері Азия чемпионатындағы бәсеке туралы айтты
  • 1bol.kz
  Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова тосынсый жасады
Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова тосынсый жасады
  • aikyn
«Қызылордаға күйеу бала болғың келіп жүр ме?». Нұрбек Оралбай «Қазақ аруымен» көзге түсті (ВИДЕО)
«Қызылордаға күйеу бала болғың келіп жүр ме?». Нұрбек Оралбай «Қазақ аруымен» көзге түсті (ВИДЕО)
  • sn.kz
Алматы қаласының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық жоба аяқталып келеді
Алматы қаласының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық жоба аяқталып келеді
  • aqshamnews
Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
  • aqshamnews
Алматыда мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіледі
Алматыда мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіледі
  • aqshamnews
HR Enbek порталында жұмыс беруші және жұмыскер жөнінде ой-пікір қалдыру мүмкіндігі пайда болды
HR Enbek порталында жұмыс беруші және жұмыскер жөнінде ой-пікір қалдыру мүмкіндігі пайда болды
  • aqshamnews
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
  • aqshamnews
Disney студиясының «Моана 2» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Disney студиясының «Моана 2» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
  • aqshamnews
БАӘ-де иеленген марапат жүлдесін  Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға арнады
БАӘ-де иеленген марапат жүлдесін Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға арнады
  • aqshamnews
Доллар, сен неден күшті болдың?
Доллар, сен неден күшті болдың?
  • aqshamnews
Қарашаның 29-на жасалған ауа райы болжамы
Қарашаның 29-на жасалған ауа райы болжамы
  • aqshamnews
Қанат Бейсекеев Алматы ауасының ластануы туралы фильмін көпшілік назарына ұсынды
Қанат Бейсекеев Алматы ауасының ластануы туралы фильмін көпшілік назарына ұсынды
  • el.kz
Әлем балалары көретін «Моана 2» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті
Әлем балалары көретін «Моана 2» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті
  • turkystan
  Домбырасын дүмше молда сындырған Жаманқара күйші жайлы білесіз бе?
Домбырасын дүмше молда сындырған Жаманқара күйші жайлы білесіз бе?
  • aikyn
Еуропарламент резолюциясы: Украина жеңіске жетуі керек
Еуропарламент резолюциясы: Украина жеңіске жетуі керек
  • arbatmedia.kz
Қазақстан Моңғолияға Ресеймен бірлесіп жол салуы мүмкін
Қазақстан Моңғолияға Ресеймен бірлесіп жол салуы мүмкін
  • arbatmedia.kz
Сарапшы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының негізгі бағыттарын атады
Сарапшы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының негізгі бағыттарын атады
  • baq.kz
Атырау облысында ер адам бөтеннің үйіне қасақана өрт қойған
Атырау облысында ер адам бөтеннің үйіне қасақана өрт қойған
  • turkystan
«Дариғамен бірге болу – бақыт». Олжас Абай қандай шындықты айтты?
«Дариғамен бірге болу – бақыт». Олжас Абай қандай шындықты айтты?
  • el.kz
Кек алу үшін тергеушіге шабуыл жасаған үш адам сотталды
Кек алу үшін тергеушіге шабуыл жасаған үш адам сотталды
  • Massaget
Түрксіб ауданының 300-ден астам тұрғыны орталық коммуникацияларға қосылады
Түрксіб ауданының 300-ден астам тұрғыны орталық коммуникацияларға қосылады
  • almaty_tv
  Атырауда тұтас отбасын өртеп жіберген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Атырауда тұтас отбасын өртеп жіберген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
  • aikyn
Табиғи монополиялар субъектілерін жасырын субсидиялау мүмкіндігі жойылды
Табиғи монополиялар субъектілерін жасырын субсидиялау мүмкіндігі жойылды
  • halyq-uni
Прогноз от астрологов на выходные
Прогноз от астрологов на выходные
  • Smi24
Ұлттық құрама FIFA рейтингінде төмендеді
Ұлттық құрама FIFA рейтингінде төмендеді
  • bassport.kz
Қазақстанда алғаш рет шаңғы альпинизмі бойынша ел чемпионаты өтеді
Қазақстанда алғаш рет шаңғы альпинизмі бойынша ел чемпионаты өтеді
  • turkystan
20 жастағы қазақ боксшы қарсыласын өлтіріп қойған нокаутшымен айқасты
20 жастағы қазақ боксшы қарсыласын өлтіріп қойған нокаутшымен айқасты
  • Vesti
Көше ортасында кішкентай баланы ұрып-тепкілеген ер адам ұсталды
Көше ортасында кішкентай баланы ұрып-тепкілеген ер адам ұсталды
  • qaz365.kz
Шұғыл: Ұлттық банк базалық ставканы көтерді
Шұғыл: Ұлттық банк базалық ставканы көтерді
  • qaz365.kz
Бақыт Ибрагимнің өлімі: полиция істі тоқтатты: 29 қараша 2024, 10:04 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Бақыт Ибрагимнің өлімі: полиция істі тоқтатты: 29 қараша 2024, 10:04 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Астанадағы митингтер кезінде танымал болған шенеуніктің баласы жоғары қызметке тағайындалды
Астанадағы митингтер кезінде танымал болған шенеуніктің баласы жоғары қызметке тағайындалды
  • qaz365.kz
Қайта ұсталған бұрынғы әкім Нұрғали Аппазов қазір қайда отыр?: 29 қараша 2024, 09:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қайта ұсталған бұрынғы әкім Нұрғали Аппазов қазір қайда отыр?: 29 қараша 2024, 09:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Перизат Қайрат ісі: ҚМА блогерлердің қатысы туралы сұраққа жауап берді: 29 қараша 2024, 09:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Перизат Қайрат ісі: ҚМА блогерлердің қатысы туралы сұраққа жауап берді: 29 қараша 2024, 09:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
ҰҚШҰ елдерінің президенттері бірқатар құжатқа қол қойды: 28 қараша 2024, 16:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
ҰҚШҰ елдерінің президенттері бірқатар құжатқа қол қойды: 28 қараша 2024, 16:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев: ҰҚШҰ - жай ғана әскери серіктестік емес: 28 қараша 2024, 15:23 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев: ҰҚШҰ - жай ғана әскери серіктестік емес: 28 қараша 2024, 15:23 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Телефоныңыз тыңдала ма? Тексерудің төрт әдісі
Телефоныңыз тыңдала ма? Тексерудің төрт әдісі
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
«Түкіргенім бар»: Халық ресейлік әншінің Алматыда өтетін концертіне байкот жариялады (ВИДЕО)
«Түкіргенім бар»: Халық ресейлік әншінің Алматыда өтетін концертіне байкот жариялады (ВИДЕО)
  • sn.kz
Дариға Бадықова 10 жыл сәби күткен келіншекке тосынсый жасады (ВИДЕО)
Дариға Бадықова 10 жыл сәби күткен келіншекке тосынсый жасады (ВИДЕО)
  • sn.kz
Астанада Disney-дің қазақ тілінде анимациялық фильмі көрсетілді
Астанада Disney-дің қазақ тілінде анимациялық фильмі көрсетілді
  • qaz365.kz
Димаш Құдайберген марапатын Бибігүл Төлегеноваға арнады
Димаш Құдайберген марапатын Бибігүл Төлегеноваға арнады
  • el.kz
Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды
Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды
  • Otyrar
Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады
Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады
  • Otyrar
Ақдала ауылында заманауи үлгідегі спортзал бой көтеруде
Ақдала ауылында заманауи үлгідегі спортзал бой көтеруде
  • Otyrar
Ақсукентте бірқатар мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді
Ақсукентте бірқатар мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді
  • Otyrar