Балалардың биологиялық емес әкелері "Туу туралы куәлікке" кірмеуі мүмкін

Балалардың биологиялық емес әкелері "Туу туралы куәлікке" кірмеуі мүмкін

Тағы бір "гәп" бар: егер жоғалған баласын ата-анасы үш күн ішінде іздеп келмесе, бала жетімханаға кетіп қалуы ғажап емес.Inbusiness.kz психологтардың "Бишімбаев сотын қарамауға кеңес бергенін", оның адам психикасына кері әсер ететінін жазды. Халық басқа шаруасын ысырып тастап, Бишімбаевтың сотына алаңдап жатқанда, Парламент қоғам өміріне, әрбір отбасыға әсер етуі мүмкін заң жобалар топтамаларын ың-шыңсыз қабылдап тастауда. Оның ішінде әлеуметтік шиеленіске тамыздық болу әлеуеті бар даулы жайттар жетерлік. Мысалы, Мәжіліс "ҚР адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" негізгі заң жобасын және оған ілеспе – "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын мақұлдады. Бұл құжаттар, сарапшылардың болжамынша, өзге "көкек-әкеден" жаратылған баланы жетім деп кеудеден теппей, туған баласындай өсіретін барлық әкелерге көлеңке түсіргелі тұр. Мәжіліс депутаты Қарақат Абденнің айтуынша, тікелей Президенттің тапсырмасымен, Бас прокуратура кәмелетке толмағандарды жасырын саудалау схемаларын анықтау үшін балаларды асырап алу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргізген. "Тексеріс қорытындысында анықталғандай, нәрестенің туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу мүмкіндігінің берілуі бала саудасына септесетін себептердің бірі деп танылды. Бұл тәжірибеде қалай жүзеге асырылады? "Баланың әкесі" деген графаға адам саудалаушының аты-жөні енгізіледі. Белгілі бір уақыт өткен соң анасы сәбиден бас тартады. Осыдан кейін соттың шешімімен бала "әкесіне" беріледі. Қаралып жатқан заңда осы көрсетілген проблемалар шешілуге тиіс. Баланың туу туралы актілік жазбада заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін заң жүзінде шаралар қабылдануы қажет", – деді депутат Қарақат Абден. Құқық қорғау органдары осы идеяны жақтайды. "Бұл проблема заң жобаларын қолға алғаннан бері туындады және түрлі алаңда, Мәжілістің комитеттерінде талқыланды. Заң жобалары бойынша Парламентте жұмыс тобы ары қарай жұмыс істеуде. Біз бұл мәселені қараймыз. Ол өте өзекті және қажет. Мұнда генетикалық экспертиза жүргізу талабына қатысты бірқатар мәселе туындап тұр. Принципті түрде алғанда, Ішкі істер министрлігі мұны қолдайды. Егер дәл қазір заңда осыны ескермесек, онда кейін қылмыстық процестер кезінде түрлі мәселе алдан шығуы мүмкін. Біз бұл мәселені пысықтап шығамыз", – деп сендірді Ішкі істер министрі Ержан Саденов. Қоғам белсендісі, заң маманы Светлана Савик мұндай қадамға абай болған жөн екенін ескертті. "Туу туралы куәлікке тек ресми некеде тұрған жұбайын немесе биологиялық әкені ғана енгізу туралы түзетулер талқыға салынуда деп естідік. Егер сондай шектеулер енгізілсе, онда Қазақстанда әкесіз балалар қаптайды. Депутаттар адам саудасына қарсы жаңа заңда тиісті тыйымды бекітсе не болады? Онда мысалы, жігіті жүкті етіп тастап кеткен келіншекпен басқа адам көңіл қосса, бірақ бірден үйленбесе, ол ананың өмірге әкелген баласы бәрібір "әкесіз" тастандыға айналады. Өмірде оны биологиялық емес әкесі сүйіспеншілігіне бөлеп, мәпелеп өсіруі мүмкін. Бірақ құжат жүзінде әкесіз деп жазылады, бұл фактіні ата-анасы баладан жасыра алмайды. Бұл ағат қадам қаншама баланың тағдырын тәлкекке салады. Бала саудасына тосқауыл қоймайды, қаскөйлер басқа тәсілді табады", – деді С.Савик. Оның пікірінше, баланың Туу туралы куәлігіндегі "Әкесі" графасына адам саудалаушы қылмыскер өз аты-жөнін жазады деу – не жалған сөз, не жаппай емес, сирек кездесетін жайт. Өйткені ертең ол баланың сатылып кеткені анықталса, тергеушілер мемлекеттік ресми актіге өзінің аты-жөнін жазған адамға шығады. Кәнігі, ақылды қылмыскерлер үнемі жасырын қалады, бұлайша, тұлғасын жариялап, өзін-өзі ұстап беретіндей адам саудагерлері ақымақ болмаса керек. Қоғам белсендісінің түсіндіруінше, "Әкесі" графасына бөбектің шешесімен жұбайлық қарым-қатынаста болмаған еркектің атын жазу көбіне, суррогат ана ("жатыр ана") тәсілінде қолданылады. Бірақ Қазақстанда суррогат аналыққа тыйым салынбаған. Балалар саудасында Туу туралы куәлікке бөгде еркекті жазу тәсілінің пайдаланылатынын бірінші болып, білім саласының шенеуніктері айтты. Асхат Аймағамбетов басқарып тұрған тұста, 2022 жылы Оқу-ағарту министрлігі "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын әзірлеп, оның тұжырымдамасының жобасында дәл осы "дәйектемені" келтірді. "Заңсыз асырап алу, оның ішінде шет мемлекеттер азаматтарының баланы елден тыс әкетуі жағдайларына соқтырған бірнеше заңсыз схема әшкереленді. Бұзушылықтарға лауазымды адамдардың әрекеттері не әрекетсіздігі, заңнамадағы олқылықтар және республикалық деректер банкінің (РБД) кемшіліктері ықпал етеді. Ең көп таралған схема – басқа әйелмен некеде тұрған ер адамның өзге жүкті ананың сәбиінің әкесі ретінде жазылуы. Босанғаннан кейін биологиялық анасы нәрестеден бас тартып, оны "әкесіне" береді", – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі. Қолданыстағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 47-бабының 5-тармағына сәйкес, баланың анасымен некеде тұрмаған адамның әке болуы тіркеуші органға бірлескен өтініш беру арқылы айқындалады. Яғни, жас босанған әйел әлдебір еркекті ертіп келіп, "әкесі – осы!" десе және екеуі бірге өтініш берсе, ол азамат баланың әкесі ретінде тіркеледі. "Бұл әлеуетті асырап алушыларға баладан бас тартуды жоспарлап отырған жүкті әйелдермен алдын ала келісуге мүмкіндік береді. Осы арқылы олар бала асырап алуға байланысты процедураларды – есепке тұру және тиісті рәсімдерден өту туралы талаптарды айналып өтеді", – деп дәйектеді министрлік. Енді депутаттар ондай ерлерден ДНҚ-тест тапсырып, шын әкесі екенін дәлелдеуді талап етуді ұсынуда. Егер дәлелдей алмаса, оның аты-жөнін сәбидің Туу туралы куәлігіне енгізуге тыйым салмақ. Бұл ретте ДНҚ-тест қымбат тұратынын, шұғыл тесттің бағасы тіптен жоғары екенін ескерген жөн. Мұндай тесттің бағасы шамамен 100 мың теңгеден басталады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тағы бір кең таралған схема – балалардан бас тарту туралы өтініштер негізінде бала асырап алу. Әділет министрлігінің мәліметінше, 2015 жылдан бері осындай 1,4 мың іс-әрекет нотариалды куәландырылған. Бұл статистикаға баланы туыстарының пайдасына беру де кіріп кетіп отыр. Дегенмен, кейде соттар баланың туыстарынан жақыны екенін дәлелдейтін құжаттар талап етпейді екен: туыстығын өтініш берушілер мен куәгерлердің сөздеріне сүйеніп анықтай салады, істерге туыстық қатынастарды растайтын құжаттар тіркелмейді. Мысалы, Алматы облысында соттың 2020 жылғы 29 маусымдағы шешімімен ерлі-зайыпты Ш.Ж.К. және С.Л.Б.-ның Е.С. есімді қыз баланы бауырына басу туралы өтініші қанағаттандырылды. Сонымен бірге, прокуратураның сұрау салуы кезінде асырап алушылар келесі жайтты баяндаған: 2019 жылдың қараша айында отағасынан жүкті болып қалған Е.М.Е. есімді әріптес келіншек некеден тыс қыз туған. Содан ол өзі асырағысы келмей, бөбекті өтініші бойынша әкесіне тапсырған. Бұл ретте бала асырап алушы жұбайлар баланың биологиялық анасының туысы, күйеуі болып табылмайды. Қорғаншылық органына бала асырап алу ниетін айтып жүгінбеген және әлеуетті бала асырап алушылар ретінде есепте тұрмаған. Бала асырап алу процедурасының сақталмағанына, асырап алушы мен баланың анасы арасында отбасылық-туыстық байланыстардың болмағанына қарамастан, қамқоршылық органы соттан өтінішті қанағаттандыруды сұрады. Егер ұлттық заңнама қатайтылса, болашақта анасы бас тартқан бала ашынасына берілмеуі мүмкін. Яғни, бала биологиялық әкесінің отбасына емес, жетімханаға жол тартуы ғажап емес. Бала үшін бұл дұрыс па? Депутаттар "бала саудасына" тыйым саламыз деп, балаларға қатысты түрлі тыйымды қабылдағанда, "жеті рет өлшеп бір рет кессе" жөн. "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" және оған ілеспе заң жобаларында балаларға қатысты басқа да даулы баптар бар. Депутат Бауыржан Смағұловтың айтуынша, бұл заң жобаларымен Неке және отбасы кодексін толықтыру ұсынылып отыр. "Мысалы, медициналық ұйымдардың, жетім, қорғансыз және қараусыз балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғалары өздеріне тастанды нәресте, жетім бала немесе ата-анасының қарауынсыз қалған бала жеткізілсе, онда олар келіп түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, одан кешіктірмей қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті болады. Бірақ, мысалы, ірі мегаполисіміз Алматыны алайық: оның аудандық қорғаншылық және қамқоршылық қызметінде 1 (!) ғана адам жұмыс істейді", – деді депутат. Онсыз да етегіне сүрініп, сүрлігіп жатқан жалғыз маман айналдырған үш күн ішінде құлағдар етуді ұмытып кетуі мүмкін ғой. Жаңа заң жобасында қорғаншылық органдары мен прокуратураға үш күнде хабарламау үшін жаза енгізіліп отыр. Сол үш күнде ата-анасы да табылмауы ықтимал. Бірақ құқық қорғау органдары осы мерзімге табандап отыр. "Біз қарадық, 3 күн – жарамды, қалыпты мерзім. Тіпті мәселен, баланы балабақшаға да үш күнге тастап кетпейді ғой. Ата-анасының үш күн бойы баласын іздемеуі, хабарласпауы мүмкін емес. 3 күн – сарабдал мерзім, ол жұмыс тобында талқыдан өтті. Меніңше, бұл – дұрыс механизм. Ол теріс салдарларға соқтырмайды деген ойдамын", – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов. Жалпы, "темірді қызған кезде соқ" дегендей, жаңа Парламент адам саудасына, зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою деген сылтаулармен балаларды отбасыдан, ата-анасынан алып қоюға рұқсат ететін біраз заңнамалық түзетулерді қабылдап тастады. Бірақ жетімханаға бір түскен баланың одан шығуы қиын. Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда асырып алынған балаларды балалар үйіне қайтару саны үнемі өсу үстінде. Мысалы, соңғы бес жылда жетімханаға кері қайтарылған балалар саны бірден 64 пайызға өсті. 2020 жылы – 160 бала, 2021 жылы – 197 бала кері әкеп тасталса, 2022 жылы бұл көрсеткіш – 217 балаға жетті. Шенеуніктер бұл құбылыстың белең алғанын растады. "Өкінішке қарай, сондай жағдайлар орын алуда. Бала асырап алушылар біраз уақыттан кейін оларды қайтадан балалар үйіне, балаларды қолдау орталықтарына қайтарып тастайды. Олардың саны көбейгенін растаймыз. Біз осы фактілерге талдау жасағанымызда, байқадық: көбіне, 13–18 жас аралығындағы балаларды балалар үйіне кері әкеледі. Бүгінде Мәжілісте балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасы талқылануда. Соның аясында кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізіледі. Олар қайтармайды. Осы институт мәселені шешуге септігін тигізеді деп ойлаймыз", – деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

"Өмір бойына сотталады". Салтанаттың әкесі мен адвокаты болжам жасады
"Өмір бойына сотталады". Салтанаттың әкесі мен адвокаты болжам жасады
  • baq.kz
Шымкентте қараусыз қалған балалар темір жолының бойы серуен аймағына айналады
Шымкентте қараусыз қалған балалар темір жолының бойы серуен аймағына айналады
  • el.kz
Ұйқы сапасын жақсарту үшін қандай әдеттерден бас тарту керек?
Ұйқы сапасын жақсарту үшін қандай әдеттерден бас тарту керек?
  • Massaget
Өзбекстанда туған қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта екі рет құлатты
Өзбекстанда туған қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта екі рет құлатты
  • Massaget
ҰБТ-дан 50 ұпай жинау керек: ІІМ жоғары оқу орындарына кім түсе алады?
ҰБТ-дан 50 ұпай жинау керек: ІІМ жоғары оқу орындарына кім түсе алады?
  • baq.kz
Тағы бір сарбаз қайтыс болды
Тағы бір сарбаз қайтыс болды
  • Massaget
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтады
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтады
  • el.kz
Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес
Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес
  • sn.kz
  Қуандық Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін? Адвокат болжамын айтты
Қуандық Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін? Адвокат болжамын айтты
  • aikyn
Қабырғалары жарылған мектеп: Алматы облысының тұрғыны шағымданды
Қабырғалары жарылған мектеп: Алматы облысының тұрғыны шағымданды
  • baq.kz
Семей орманындағы 14 адамның өліміне кінәлілер сотталды
Семей орманындағы 14 адамның өліміне кінәлілер сотталды
  • el.kz
Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін
Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін
  • astanatv.kz/kz/
  Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
  • aikyn
Бишімбаев ісі: судья, прокурор, адвокаттар туралы не белгілі?
Бишімбаев ісі: судья, прокурор, адвокаттар туралы не белгілі?
  • Massaget
ІІМ курсанттарды даярлайтын 4 академия туралы айтты
ІІМ курсанттарды даярлайтын 4 академия туралы айтты
  • baq.kz
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралаған
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралаған
  • TengriNews
Президент Аида Балаеваны қабылдады
Президент Аида Балаеваны қабылдады
  • halyq-uni
UFC-дің экс чемпионы техникасы ең мықты боксшыны атады
UFC-дің экс чемпионы техникасы ең мықты боксшыны атады
  • Massaget
Семей орманындағы өрт: Іске қатысы бар екі адам сотталды
Семей орманындағы өрт: Іске қатысы бар екі адам сотталды
  • Massaget
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
  • el.kz
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
  • astanatv.kz/kz/
  Алматы қаласында TURAQTY JOL фестивалі аясында жастардың үздік экологиялық бастамалары анықталды
Алматы қаласында TURAQTY JOL фестивалі аясында жастардың үздік экологиялық бастамалары анықталды
  • aikyn
Президентке Мәдениет министрлігінің атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді
Президентке Мәдениет министрлігінің атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді
  • baq.kz
Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға түсті
Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға түсті
  • Massaget
Қазақ боксшының халықаралық турнирдегі жекпе-жегі нокаутпен бітті
Қазақ боксшының халықаралық турнирдегі жекпе-жегі нокаутпен бітті
  • Vesti
Қазақстандық белгілі боксшылар қатысады. Астанада халықаралық турнир басталды
Қазақстандық белгілі боксшылар қатысады. Астанада халықаралық турнир басталды
  • Vesti
UFC жұлдызы техникасы ең мықты кәсіпқой боксшыны атады
UFC жұлдызы техникасы ең мықты кәсіпқой боксшыны атады
  • Vesti
Өскеменде дзюдодан халықаралық турнир өтті
Өскеменде дзюдодан халықаралық турнир өтті
  • bassport.kz
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
  • sn.kz
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
  • turkystan
Астанада 20 жыл іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Астанада 20 жыл іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
  • qaz365.kz
Астанада үйдің шатырынан 20 жыл іздеуде жүрген ер адам табылды (ВИДЕО)
Астанада үйдің шатырынан 20 жыл іздеуде жүрген ер адам табылды (ВИДЕО)
  • sn.kz
Бишімбаевқа қатысты үкім бүгін жариялана ма - адвокат пікірі
Бишімбаевқа қатысты үкім бүгін жариялана ма - адвокат пікірі
  • TengriNews
Бишімбаевтың сотында алқабилерге қойылған сұрақтар оқылды
Бишімбаевтың сотында алқабилерге қойылған сұрақтар оқылды
  • TengriNews
Бишімбаевтың соты: 13 мамырдағы трансляция
Бишімбаевтың соты: 13 мамырдағы трансляция
  • TengriNews
Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысында не болатыны айтылды
Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысында не болатыны айтылды
  • TengriNews
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
  • bugin.kz
Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін
Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін
  • TengriNews
Желіде әйелдің аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады
Желіде әйелдің аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады
  • TengriNews
Қазақстандық мерген әлем кубогінде рекорд жаңартты
Қазақстандық мерген әлем кубогінде рекорд жаңартты
  • Vesti
Енді ғалымдарға бюрократиялық кедергі болмайды – Асхат Аймағамбетов
Енді ғалымдарға бюрократиялық кедергі болмайды – Асхат Аймағамбетов
  • halyq-uni
Айгүл Үсен. Талантты қаламгер оқырман үшін жазады
Айгүл Үсен. Талантты қаламгер оқырман үшін жазады
  • adebiportal.kz
«Ерте үйленгеннің пайдасы»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы желіні шулатты
«Ерте үйленгеннің пайдасы»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы желіні шулатты
  • sn.kz
Мәртебелі мансаптар
Мәртебелі мансаптар
  • e-history.kz
Қазақстанда жаңа халықаралық рейс ашылады
Қазақстанда жаңа халықаралық рейс ашылады
  • TengriTravel
Павлодарлық оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұғып алған
Павлодарлық оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұғып алған
  • turkystan
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кетті
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кетті
  • halyq-uni
TURAQTY JOL республикалық фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды
TURAQTY JOL республикалық фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды
  • turkystan