Балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады – Үкімет

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте оқушыларды мектептен тыс жұмыстармен, оның ішінде жазғы демалыс кезінде қамтуды ұлғайту, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған ірі орталықтар салу мәселелері талқыланды.Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, жас ұрпақты тәрбиелеу мен олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, бос уақытын пайдалы және қызықты өткізуге ықпалдасу мектепте берілетін біліммен қатар маңызды саналады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, республикада оқушылардың шығармашылық және зияткерлік дамуына, білім алып, жақсы демалуына, бос уақытын пайдалы өткізуіне арналған нысандар тұрғызу немесе ескілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жанданып жатыр. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде балаларға арналған 218 сауықтыру орталығы жұмыс істейді, олардың 120-сы – мемлекеттік, 98-і – жекеменшік. «2027 жылға дейін барлық облыста заманауи оқу-сауықтыру орталықтары ашылмақ. Олардың ашылуы балаларды қамту көрсеткішін айтарлықтай ұлғайтатын болады. Жазғы орталықтардағы көрсеткіш жыл сайын 25%-ға өседі деген болжам бар (2022 жылы аталған орталықтарда 178 мың бала демалды). Ал жыл бойы жұмыс жасайтын орталықтардағы қамту көрсеткіші 2 есе өседі (2022 жылы 77 мың бала қамтылмақ)», - делінген хабарламада. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы бөлінеді және бұл салаға инвесторларды тарту да көзделіп отыр. Балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған 100 нысанның (оқушылар сарайы) құрылысы республикалық бюджет есебінен іске асыралады. «Балалар қосымша біліммен 100% қамтылатын болады. Бұл көрсеткішке ірі қосымша білім беру нысандарын салу арқылы ғана емес, осы мақсаттарға мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңмен ұлғайту арқылы қол жеткізілмек. Сонымен қатар ауыл мектептерінде комьюнити-орталықтар ашу және ескі мектептен тыс ұйымдарды жаңғырту жоспарланып отыр», - делінген Үкімет хабарламасында. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша осы мақсатта Жол картасын бекітіп, жер учаскелерін бөлу шараларын қабылдау туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ қысқа мерзімде балалар сауықтыру орталықтары мен ірі қосымша білім беру объектілерін салу, ескі объектілерді реконструкциялау немесе қайта форматтау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу міндеттелді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нурмагомедов UFC 311 турнирінде болған сенсациядан кейін алғашқы жеңілісін мойындамады
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды
Астанада 21 жастағы жігіт туған бауырын пышақтап өлтірді
Картоп қоры жеткілікті
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Астанада 21 жастағы жігіт туған бауырын пышақтап өлтірді
Алматыда өрт шыққан тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды
Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырту алды
«Телефонын тартып алған»: Астанада ашуға булыққан жас жігіт ағасын пышақтап өлтірді (ВИДЕО)
Софья Самоделкина Универсиаданың қола жүлдесін иеленді
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды
Сеулдегі тәртіпсіздіктерден кейін полиция наразылық білдірушілерді ұстады
Сеулдегі тәртіпсіздіктерден кейін полиция наразылық білдірушілерді ұстады
Қарағанды гарнизонында шабуылдау батальонының бөлімшелерін үйлестіру өтті
«20 рет пышақтаған»: Астанада туыстарына шабуыл жасаған жігіт туралы жаңа мәлімет шықты
Неміс компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға дайын
Олимпиадада жүлде алған танымал қазақ боксшысы мансабын аяқтады
Қызметтік иттердің көмегімен жүзге тарта адам өліміне қатысты қылмыс ашылды
Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы мансабын аяқтайды
Тамырын кесіп, есікті кілттеп алған: Алматы облысында өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды
Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын алып шықты
Қысқы универсиада: Бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі