«Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді өмір бойына бас бостандығынан айыру керек», - Е. Бейсенбаев

Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді өмір бойына бас бостандығынан айырып, медициналық кастрация жасау керек. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осындай ұсыныс айтты. Жыл сайын елімізде балаларға қарсы 2 мыңға жуық қылмыс тіркеледі. Ал күн сайын, кемінде 6 оқиға болады. Бұл – ең сорақы статистика. Олардың арасында өгей әке мен шешеден зорлық көргендер көп. Мұндай жағдайдың жиілеуіне әлеуметтік қорғау саласында жүйелі жұмыстың жоқтығы әсер етіп отыр. Депутат қазір басты назарды бала құқығын қорғау тақырыбына аудару қажет дейді. Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жыл сайын 4 мыңнан астам бала бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізіледі екен. Жыл сайын 150-ге жуық сәби қараусыз қалғандықтан көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кетеді. Мәселенің Президент деңгейіне дейін көтерілуі – жағдайдың расымен де ушығып кеткенін көрсетеді. Ал, мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов жаңадан құрылған Абай облысында медицина саласының ақсап тұрғанын айтты. Тозығы жеткен ғимаратты былай қойғанда, азаматтардың емханаға қаралуының өзі азап. Кезек пен квотаны, кемінде,2 ай күтеді. Өйткені ақпараттық жүйе дұрыс жұмыс істемейді. Семейліктер дәрігердің қарауына аптасына бір-ақ рет кіре алады. Бұл халықтың уақытылы емделуіне кедергі келтіріп отыр. Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Семей полигонынан зардап шеккен облыстағы аудандардың экологиялық коэффициенттері басқа экологиялық аймақтарға жататын өңірлермен салыстырғанда төмен. Мысалы, Абай облысының қалалары мен аудандарындағы экологиялық коэффициенттер Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Қызылорда облысының Арал ауданындағы, Байқоңыр қаласындағы экологиялық коэффициенттерден төмен. Бұл облыстағы медицина қызметкерлеріне тиісті үстеме ақы алуға мүмкіндік бермейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды