"Балалармен еденде жатты". Лондонға ұшқан қазақстандықтар Амстердам әуежайында тұрып қалды

Алматыдан Лондонға бет алған AirAstana ұшағы Амстердамда қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.Оқиға 11 маусымда болған, мән-жайды редакцияның WhatsApp-нөміріне рейс жолаушысы Азамат Аймағамбетов хабарлады. "Ақтауға қонып, бортқа тағы жолаушылар алып, жанармай құйып, Лондонға ұштық. Алайда орта жолда қондық, ұшқыш Лондон әуежайында қона алмайтынымызды айтты. Осылайша, Амстердам әуежайында 5-6 сағат тұрып қалдық. Онда Шенген визасы, ал Ұлыбританияда бөлек виза. Сондықтан ұзақ уақыт кеден бақылауынан өте алмадық. Жергілікті уақытпен 18:00-ден 00:00-ге дейін ешқайда шыға алмадық. Адамдар еденге жатуға мәжбүр болды, өйткені осынша уақыт аяқта тік тұра алмайсың. Арасында балалар да бар", - дейді 44 жастағы ер адам."Бізге бір күндік виза жасап берді, содан қонақүйге бардық. Бірінші балалары барларды рәсімдеді. 00:00-дейін жүретін тегін автобусқа үлгермедік, сондықтан такси жалдау керек болды", - дейді Алматы тұрғыны.Оқиғаға қатысты Tengritravel.kz редакциясы AirAstana компаниясына сұрау салды. "Лондондағы жайсыз ауа райына байланысты ұшақ Амстердамда қонуға мәжбүр болды. Рейс жергілікті уақытпен 12 маусым 13:00-ге ауыстырылды. Жолаушылардың көбінде Шенген визасы болмағандықтан, көші-қон қызметі жолаушыларды қалаға жіберуді талқыға салған болатын", - дейді әуекомпаниясының өкілдері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан командасының үздігі кәсіби боксқа ауысты
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
Көкшетауда 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды