Балам үшін қорыққанымнан оның айтқанының бәрін істедім

Қонаев қаласының тұрғыны үйін жинауға келген әйелге зорлық көрсеткен. Және оны біреуге айтсаң өлтірем деп бопсалаған көрінеді. Ал зәбір көрген әйел балам үшін қорыққанымнан оның бар айтқанын істедім дейді.Жалғызбасты ана пәтерақыға жетпей тұрған 20 мың теңге үшін танысының үйін тазалап беруге келіскен. Алайда үй иесі әйелді жауыздықпен ұрып-соғып, зорлық көрсеткен. Құндыз, ЖӘБІРЛЕНУШІ: Мен ештеңе істей алмадым, пышақтың сабымен басымды ұра берді, қарсы тұруға күшім де болмады. Ақырында пышақпен қорқытып зорлығын жүзеге асырды. Есімді жиғанда жуынатын бөлмеде болдым. Ол мені видеоға түсіріп «Барлығына өзім келістім» деп айтқызды, бірнеше рет түсірді. «Біреуге тіс жаратын болсаң тауып алып өлтіремін, балаңды да зорлаймын» деп 2 сағат шығармай, қорқытып отырды. Жауыздыққа душар болған әйел құрбысына мекенжайды жіберіп, көмекке шақырыпты. Қарлығаш, КУӘГЕР: Кіргенім сол екен, қуып жіберді ғой бутылка қолында, уже неадекватный состояние екен, мен өзім больницада істеген соң білемін да адамның түрлерін. Бет ауыздары… түрден түр жоқ бет ауызының бәрі гематома уже бытшыт болып кеткен. Тек қолмен ұрмаған, пылесостың темірі болады ғой сонымен ұрған. Қалада «әйелдерді алдап үйіне шақырып, қорлық көрсететін адам пайда болды» деген хабарлама тараған. Күдікті тағы бір әйелді аямай соққыға жыққан. Әйел айғайлап, қарсылық танытқанының арқасында ғана тірі қалдым дейді. Бірақ бұған қатысты қозғалған іс созылып бара жатқанын айтады. Мақсат ӘБІРОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Әлеуметтік желіде тараған қылмыстық іс қазіргі таңда Қонаев қаласының прокуратурасында. Өз өндірісіне қабылдады. Қылмыстық процестік кодекстің 300-бабына сәйкес оқылымда жатыр. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, бұл іс бойынша 10 күннің ішінде тексеру жұмыстары жүргізіледі. Заңдылығы қарастырылып, сотқа жіберу жөнінде шешім қабылданады. Ә. Пернебек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Усик Фьюримен екінші айқастағы төрешілер шешіміне қатысты ойын айтты
Жетісу облысында жоғалған малшы табылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды