«Баламды өлтіріп тастап, менімен телефонмен түк болмағандай сөйлескен»: Теміртауда өгей әкесі 18 рет пышақтаған 2 жасар бүлдіршіннің анасы мәлімдеме жасады

«Баламды өлтіріп тастап, менімен телефонмен түк болмағандай сөйлесіп отырған». Теміртауда өгей әкесі өлімші етіп ұрып, артынан 18 рет пышақтап өлтірген 2 жасар бүлдіршіннің анасы күйеуімен беттескісі келетінін айтады. Бірақ өз өмірі үшін қорқатынын жасырмайды. Ол арнамызға телефон арқылы берген сұқбатында осылай деді. Өйткені әйел ер азаматтың баланы еш себепсіз неге мұнша азаптағанын түсіне алмай отыр. Айтуынша, күйеуі балалар үйінде тәрбиеленген, бұрынғы әскери қызметкер, жұмыстан шыққанына біраз болған. Бірнеше жыл бұрын баланы өз атына жаздырып әйелмен заңды некеге тұрған. Екеуі тату-тәтті өмір сүріпті. Әйелдің өзі аспаз болып жұмыс істейді. 21-22-інші наурызда Қарағандыға екі күн жұмысқа кеткен. Күйеуі баласын қарап үйінде қалыпты. Одан мұндайды күтпедім дейді.Надежда, ҚАЗА ТАПҚАН БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Ол маған хабарлама жазып отырған сәтте баламды баяғыда өлтіріп тастапты. Бұл 22 наурыз болатын. Видеоқоңырау шалайын деп едім ұйықтаймыз шаршадық деді, мен 23-і келетінімді айттым. Келгенде ол есікті ашпады, қоңырау шалып ем кілтті подьезге тастап өзі секіріп өлуге кеткенін айтты. Есікті ашып қан жоса болған баламды көрдім. Өлімші етіп сабап, 18 рет пышақтапты. Не себепті баламды осынша азаптады, соны білу үшін беттескім келеді. Әйелдің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында баланың бұдан бұрын да таяқ жегені туралы жалған ақпарат тарап, халық оны жаппай кінәлай бастаған. Алайда бұған дейін өгей әкесі балаға қол тигізбеді дейді. Айтуынша, қазір оған күдіктінің туыстары қоқан-лоқы көрсетіп жатқан көрінеді. Енді ол құқық қорғау органдарынан көмек сұрамақшы. Айта кетейік, 23-наурыз күні Теміртау қаласында пәтерлердің бірінен 2 жасар баланың азапталған денесі табылған болатын. Оқиға орнынан қашып кеткен 24 жастағы өгей әкесі келесі күні ұсталды. Мақсат ӘШІМОВ, ТЕМІРТАУ ҚПБ БАСТЫҒЫ: Жас баланы өлтірді деген күдікпен Теміртау қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпелерін берді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы универсиада: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Словакиямен ойнайды
Ресейден келген спортшы ел қоржынына қола жүлде салды
Нурмагомедов UFC 311 турнирінде болған сенсациядан кейін алғашқы жеңілісін мойындамады
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қызметтік иттердің көмегімен жүзге тарта адам өліміне қатысты қылмыс ашылды
Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы мансабын аяқтайды
Тамырын кесіп, есікті кілттеп алған: Алматы облысында өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды
Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын алып шықты
Қысқы универсиада: Бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі
Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды (ВИДЕО)
Анашым, біз жазыламыз: Түркістан облысында газ жарылып, әкесі мен екі ұлы көз жұмды
Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы нашарлайды
Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды
Астанада 21 жастағы жігіт бауырын өлтіріп, үш туысына пышақ салды
Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырылды
Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырылды
Қазақ қызы Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне шақырылды
«Ойын ойнап жатқанда телефонын тартып алған»: Астанада ашуға булыққан жас жігіт ағасын пышақтап өлтірді
«Ойын ойнап жатқанда телефонын тартып алған»: Астанада ашуға булыққан жас жігіт туған ағасын пышақтап өлтірді
Неміс қызы Кэтрин Майер: Жүрегім қазақ деп соғады
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қанша теңгеге өсті?
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады