"Баламен алыстан сыйласу керек" деген Құралай ханымның басы дауға қалды

Атышулы психолог, коуч Құралай Ошақбаева балаларының өз бетінше, еркіндікте өскенін қалайды. Ол өзін балаларын өбектеп отыратын аналардың қатарына жатқызбайды.Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Құралай ханымның үлкен қызы 17 жасында Европаға кетсе, екінші қызы Оңтүстік Кореяға жол тартпақ. Ол бөтен елге қызымен бірге еріп барып, жетектеп жүруден бас тартқан. Қызы Талшынның да қалауы сол. “Мен дым ойланбайтын, ақымақ немесе жайлы анамын. Балаларым етегіме жабыспай, есейіп, өз жолдарын тауып, сепарация жасап, бақытты болып кетсе екен деп, дым жағдай жасамай, кет, оқы, ұш, қозғал, бірдеңе істе деп мазалап жіберемін. “Мынау жараса ма? Мынау бола ма?” деп алыстан мазалағандары ұнайды. Негізі мен жанында жармасып, терлеп, тықылдап, миымдағы 5 теңгемді қанша қыстырсам да, тыңдағалы тұрған қыз жоқ. 45 жасқа келіп түсінгенім, баламен де, басқамен де алыстан сыйласқан жөн. Жабысып, мыжып, малып жүргенше, жаным-күнім деп сағынып, жете алмай, махаббатқа толып жүргенде, идея, жаңалық, бауырмал, туысқандық сезімдер толады”, – дейді Құралай ханым.Алайда коучтың бұл сөзімен көпшілік келіспейді. Желі қолданушылары баламен алыстан сыйласар болса тасбауыр боп, аралары суып кетеді деп ойлайды. “Бауырлармен, ата-анасымен араласпай кетсін бе? Қателестіңіз”, “Сонда балаларыңызға ақыл айтпайсыз ба?”, “Орысты оқып, елді адастырып, мысығыңды құшақтап отыр онда”, “Қартайғанда аузыңа су тамызар адам болмай қалады. Тасбауыр бала, қытымыр келін, рахатын көрмесең, бірге шәй ішпесең, не өмір ол?”, – деп жазды ашуға мінген желі қолданушылары. “Бірге тумақ болғанмен, бірге жүрмек жоқ. 18 жасқа дейін жабыстым, тар үйде де, кең үйде де 8 адам болып тұрдық. Талай табыстық, тартыстық. Жетер. Тыныштық керек. Шаш түскен, қас-кірпік жасанды, тіс түгел емес. Оларға ақыл айтып, жармасамын деп қалған мүшелерімнен айырылып қалармын. Балаларыма ақыл айтайын десем, жетіскен ақылым да жоқ. 1978 жылғы ескі диск. Онымды 2005 жылғы террабайттар қабылдамайды. Бар ақылыңды тыңдай қояр бала бар ма? Өзімді тәрбиелеп, ес-ақылым дұрыс адам болсам, бала естігенін емес, көргенін жасайды. Келін баламен алысқанша, байыма ие болайын. Байымды баптап, күтіп, массажын жасап, сықитып отырмаймын ба? Айқай-шудың қажеті қанша, судың не қатысы бар? Бірге жабысып, бір-бірін тәрбиелеп, орта жолда жарты жұртын жұтып, тірі қалғанын қарғап-сілеп, жек көріп отыратын туыстық сезімдерге берекет. Жүз жыл бірге тұрып, өтірік пен өсекке шыланып, боқ көтерген қабымды айналама шашып, бір-бірімізді жек көріп қажеті не? Қартайғанымда тезірек өлгенімді тілеп, “мына қақбас құрымады” деп берген суын ішкенше, атауымды ішіп өле қалғаным дұрыс шығар”, – деп жауап берді Құралай ханым көпшілікке.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Президент жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Футбол: "Астана" Челсиден жеңіліс тапты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Экс-президенттің және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
"Ұлы дала" әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен кездесті