Жантүршігерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желі арқылы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы."Әлеуметтік желідегі оқырманнан шұғыл өтініш түсті. Видеода ер адам 4-5 жасар баланы тепкілеп жатыр. Жанында сол шамалас қыз бала отыр. Олар жылап жатыр. Үй лас. Мұның бәріне қарау мүмкін емес", деген жазбда. Хабарламаныжолдаған әйел өзбекше жазған. Бірақ бұл Қазақстанның оңтүстігінде дейді: "Балалар өкілі Динара Зәкиева мен Жетісу облысы полицейлеріне жедел түрде жауап беруін сұраймыз. Бұл балалардың нақты қайда және қашан болғанын түсіндірулеріңізді сұраймыз", делінген жазбада. Бұл бейнежазбаны бізге жіберген әйел: "Жаргондарына қарағанда, бұл Қарабұлақ ауылы. Олар сондай акцентпен сөйлейді" деген.