Баланың тілі неге неге кеш шығады? Ана тілінде сөйлемейді? Қазір бұл үлкен мәселеге айналды. Басты себебі - смартфон. Депуттар осылай деп дабыл қағуда. Тұтас ұлт пен ұрпақ үлкен қауіптің алдында дейді. Шынымен солай ма? Тілшімізді тыңдайық.Цифрлық аутизм. Естуіңіз бар ма? Бұл 21 ғасырдың дерті. Қазір баланың көңілі де, көзі де гаджетте. Енді жетіліп келе жатқан бүлдіршіндердің есте сақтау, көру, сөйлеу қабілеті тежеліп, өз бетінше ойлап, ұзын мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиындаған. Анаргүл ИБРАИМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ: Цифрлық заманда өмір сүріп жатқандықтан балалардың байланыс көзі ол теледидар және смартфон. Ал смартфон мен теледидар ол міндетті түрде баланың мифн тежейді, және сөйлеуі кешеуілдейді. Қазір бала жыласа ата-ана қолына телефонды ұстата салады. Үлкеннің қадағалауынсыз, көзіне бірінші түскен видеоны қарайтын балада мидың тектоникасы бұзылатын көрінеді. Сөйлеу, логикалық ойлау дағдысына бұл үлкен соққы дейді логопед. Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ, ЛОГОПЕД: Баланың сөйлеуі толық қалыптаспайынша ағылшынша, орысша, қытайша мультфильмдерді мүлде көрсетпеу қажет. Өйткені баланың түсінігі сол тілде дамиды да, одан кейін сөздік қорымен жұмыс жасай алмайды және бала өз ойын жеткізе алмайды. Бұрын жеті атасын жатқа білетін ұрпақтың орнына, жеті сөзді әрең айтатын жаңа толқын пайда болды. Қазіргі "Зет" ұрпақ өзінің өмірін электронды құрылғысыз елестете алмайды. Күні-түні қолынан телефон түспейтін бүлдіршіндер не көріп, не үйреніп жатыр? Әбдіқадыр САБЫР, РЕЖИССЕР, МУЛЬТИПЛИКАТОР: Мультфилмдерде кейбір үлкендердің сөзі бар. Ересектерге арналған. Контенттер айтады 6 жастағы балаға арналған дейді, ал ол 16 жастан жоғары балаларға арналған сөздер деп айтса болады. Үлкендер тарапынан қарайтын, ойлайтын нәрсені біз балаларға тықпалаймыз. Яғни, біз олардың қажеттіліктерін ескермейміз. Ананың тілі ана сүтімен беріледі дейміз. Алайда бүгінде баланың тілін ата-ана емес смартфон қалыптастырып жатыр. Депутаттар да осы мәселеге алаңдаулы. Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджетті ұстатады. Оқушы балалардың 40 пайызында өз аккаунты бар. Осының салдарынан балалар аулаға шығып ойнамайтын болды, бұған онлайн оқудың қосылғанын көріп жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда қолына смартфон ұстап туған буын өмірге келіп жатыр. Тұтас ұлт пен ұрпақ үлкен қауіптің алдында тұр. Кибермания сұмдық жылдамдықпен өсіп жатыр. Цифрлық тәуелділік деген диагноз халықаралық аурулар класификациясына да еніп үлгерген. Сол себепті депутат Үкіметке мәселенің салдарымен емес себебімен күресуге қажеттігін ұсынды. А. Базарбай