Баласын аяусыз ұрып-соғып жатқан әйелдің видеосы Өзбекстанда резонанс тудырды. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.Оқиға Қашқадария облысында болған. Әйел бұрынғы күйеуі алимент төлемегені үшін баласын аяусыз соққыға жыққанын айтты. "Мен өзімді ұстай алмадым. Әкесі тапқан ақшасына ішіп, қыдырып жүр",- деп ақталған.Жәбірленген бала 2 жаста. Ол соққыдан жарақат алған. Ал анасы баласын дер кезінде дәрігерге көрсетпеген. Баланың жарақатын көшедегі басқа адамдар көріп қалған. Сол кісілер арыз жазғанының арқасында қатігез ананың әрекеті белгілі болған. Әйел осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Алайда кәмелет жасқа толмаған балалары үшін сотталмаған екен. Бұрынғы әрекетінен қорытынды шығармағаны сотта ескеріліп, жазасы қатаңдатылды. Сот үкімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұрынғы қылмысы да ескеріліп, айыпталушыға жалпы 5 жыл жаза тағайындалды. Ол жазасын түрмеде өтейді.
Жаңалықтар





































