Балқашта 63 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде самокат теуіп келе жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оқиға орнындағы жантүршігерлік кадрлар видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.Оқыс оқиға Балқашта Желтоқсан көшесінде болған. Самокат теуіп келе жатқан бала жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған кезде Toyota RAV 4 көлігі қағып кеткен.