Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының құнды жәдігері "Джамбия" қанжары Астанадағы Ұлттық музей қорына тапсырылды. Қанжарды тауып, табыстаған Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров. Айтуынша, бұл құнды дүниені бір кісілерден сатып алған. Ал, бұл қанжарды алпауыт күш иесіне 1912 жылы Түркияда өткен сайыста жеңгені үшін Стамбул хакімі Шағыр паша сыйға берген. "Джамбия" қанжар жүзінің екі жағында араб әріптерімен көне түрік-осман тілінде жазылған мәтіндер бар. Бұдан бөлек балуанға тиесілі жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды. Оған 26 экспонат қойылды. Ішінде балуанның1910 жылы алған кубогы, жеке заттары мен құжаттары бар.Ардақ НАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қанжарда ешқашан жеңілмеген балуан Мұңайтпасұлы Мұқанға Шағыр пашадан сыйлық 1333 жыл. Хижр жыл санауымен, ол біздің жыл санауымыз бен 1912 жыл. Яғни біздің тарихшылардың өзі айтты. Сол кезде атамыз Стамбулда күрескен. Одан кейін Шағыр паша ол кісіні көріп кәдімгі тәнті болған. Өйткені бағанағы Стамбулдағы атақты балуаны болған. Ешқашан жеңілмеген.