Балық аулауға тыйым салынды

Ертіс өңірінің тұщы су айдындарында балық аулауға тыйым салынды. Ал тұзды көлдерде артемия салина шаяндарын жинауға заң бойынша шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Мамандардың айтуынша, уақытша шара өзен-көлдердегі балық қорын сақтау мақсатында қолға алынды. Қазір су айдындарында балықтардың уылдырық шашу кезеңі басталды. "Зайсан-Ертіс" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Нұржан Қазтайдың айтуынша, табиғат қорғау шарасы кезінде су айдындарында тұрақты мониторинг жүргізіледі. Себебі шектеулерге қарамастан, балыққа қармақ салатын азаматтар баршылық. Өткен жылы табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 30-ға жуық дерегі тіркелді. Әккі балықшылар су маржандарын аулап, олжалы болғысы келген. Оларға 640 мың теңгенің айыппұлы салынды. Сонымен қатар синтетикалық ау сияқты заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді. Ал осы жылдың басынан бері инспекторлар 50-ден астам хаттама толтырып, балықшыларға 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салды. Бүгінгі күнге дейін әкімшілік айыппұлдар толық өндірілді, - дейді Нұржан Қазтай. Су қоймалары мен табиғат қорғаушыларға бекітілген көлдерде мамыр айының соңына дейін торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балықтарын аулауға болмайды. Ал Қызыл кітапқа енгізілген сылан және Сібір бекіресін аулуға жыл он екі ай тыйым салынған. Айта кетейік, өңірде республикалық маңызы бар тоғыз және жергілікті маңыздағы 217 су айдыны бар. Сонымен қатар 60-там астам балық шаруашылық нысаны бар. Олардың барлығы бақылауда болады. Мамандар, сонымен қатар, "Таза су айдындары" акциясы шеңберінде өзен-көлдерде қараусыз қалған ауларды жинаумен айналыспақ. Бұл шараға кез келген тұрғын қатыса алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
«Қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай жеке өміріне қатысты құпияны ашты
Қазақстанда сотталғандар қандай жұмыстар істейді?
Бүгін ауа райы қандай болады?
Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім
Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылды
Психологиялық тест: суреттен бірінші нені байқадыңыз?
Жыл басынан бері Түркістан қаласында 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
Жамбылдық өрт сөндірушілер өрт кезінде 5 адамды құтқарды
Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату шартын рәсімдеу қанша тұрады?
Тұман, жел, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Дәрігер тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік түрлерін атады
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
ДСМ алқасы: 2025 жыл – жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Ақтауда әлеуметтік осал топтағы 50 адам қайтарымсыз грант ұтып алды
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін