"Бананнан 23 адам қайтыс болды"-фейк

"Бананнан 23 адам қайтыс болды". Желі қолданушылары Қытайда жаңа вирус тарады, қорқынышты аурудың қоздырғышы банан деп дабыл қағуда. Әлеуметтік желіде желдей ескен бұл ақпарат көпшілікті шошытты. Бірақ, ол фейк боп шықты. Ауру жоқ дегенмен, алаңдауға негіз бар. Биыл шетелден әкелінген мыңға жуық өнімнің талапқа сай еместігі анықталды. Біз не жеп жүрміз? Әріптесім Динара Жақсыбайқызы тарқатады. Базар мен дүкен сөрелерінде көкөніс пен жеміс-жидектің сан түрі самсап тұр. Таңдап, қалағаныңды аласың. Бірақ, дені - шетелдік өнім. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жан-жақтан келеді ғой, Қырғызстаннан келеді. Өзбекстаннан келеді. Қазақстан, өзіміздің Алматыдан келеді. 100 килограмм аламыз. 100-200 кило. - Банан ше? - Банан да сондай. Өзім 100 кило сатпаймын. 20-30-50, адамға қарай ғой. - Өзбекстан, Ташкент, Түркия, Аргентина әртүрлі жерден келеді. Мысалы мынау өзіміздің Алматының апорт алмалары. Әдемі, жақсы. Өзіміздің өнімдер де жақсы. Айына орташа 2-3 тонна сондай сатылады. Бірақ, оған қарап жатқан ешкім жоқ. Алып жатыр. - Жабық сауда жасалатын жер ғо, содан кейін бұл жақта лаборатория, бәрінен тексеріліп келеді ғой, содан кейін сенімділікпен келіп аламыз. - Өзіңіз былай ұстап көргенде де белгілі болады, свежий товарлар. - Енді өзіміздің Қазақстанский аламын, семерянка, сосын лимонка. +Банан аламын, анадай эмблемасы болады, круглый, соларды аламын. Қазақстан - аграрлы ел. Дегенмен әлі күнге халықты толық ішкі өніммен қамтамасыз ету қолдан келмей отыр. Ауыл шаруашылығы саласы дамып, егіс көлемі артты, мал көбейді дегенмен ел тұрғындарын жеміс-жидек түгілі, ет, сүт өнімдерімен 100 пайыз қамту мүмкін болмай тұр. Сондықтан халық сырт елдің азығына қол созуына тура келеді. Ал шетелден келген біраз өнімнің құрамы талапқа сай емес. Данагүл ҚАСҚАТАЕВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: Ағымдағы жылдың қазіргі уақытында 1249 өнімдер сатылып алынды және тексерілді. Оның ішінде 967 тағам өнімдері зерттеу нәтижесінде талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер анықталды. Сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөліктері бұл импорттық өнімдерге тиесілі екендігі анықталды. Мамандардың айтуынша, сырттан келген ет өнімдерінің құрамынан шошқа тіндері табылған. Өнім өндіруші компанияларға ескерту хат жіберілді. Әрі қарай күшейтілген тексеру жұмыстары жалғасын табуда. Данагүл ҚАСҚАТАЕВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: Шетелден келген өнімдердің, оның ішінде сүт өнімдерінің жалған өнімдер екені анықталды. Осы өнімдер Ресей Федерациясынан келген өндірушілердің өнімдер екені анықтылды. Оның ішінде сүт өнімдерін алмастырып, оның орнына өсімдік майларын қосып, өнімнің зат таңбалауында бұл туралы ақпаратты жасырып сатылымда болғаны анықталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, құс еті, қант, шұжық секілді өнімдер бойынша импортқа тәуелділік бар. Ішкі өндіріс қажеттілікті өтей алмайды. Әрбір тұтынушы азық-түліктің қолжетімділігінен гөрі, сапасына аса мән бергені жөн. Сондай-ақ зат таңбаға назар аударса дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Тамаша» туралы тамаша тарту
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті: 14 желтоқсан 2024, 14:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған