Банкроттық: несие қандай жағдайда кешіріледі?

Банкроттықтан кейін қарызға белшесінен батқан қазақстандықтардың берешегі толық кешіріледі. Тек алдымен олар төлей алмайтындығын растауы қажет. Және бір қатар шектеуге мойынсынуы тиіс. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай түсіндіріп береді.Өзін банкрот деп жариялағысы келетін қазақстандықтар үшінші наурыздан бастап өтініш бере алады. Ол үшін 3 түрлі рәсім қарастырылған: соттан тыс, соттан кейінгі және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Тілеужан КІШКЕНЕБАЕВ, ЗАҢГЕР: Мысалы, несие кепілсіз алынған несие болуы керек, жұмыссыз қалып қойғаныңызды растауыңыз керек. Жұмыс жасағанның өзінде де табыс көзіңіздің төлем жасауға жеткіліксіз екендігін дәлелдеу керексіз деген сияқты. Банкрот болған азамат 5 жыл бойы қайта несие ала алмайды. 3 жыл барлық есепшоттарына қаржылық бақылау мониторингі жүргізіледі. Банкрот деп шешім шыққаннан кейін, еркін жұмыс істеп, тіпті кәсіпкерлікпен де айналысуға болады. Миллиондап табыс тапса да, ешқандай шектеу жоқ дейді қаржы министрлігі. Айбол АМАНОВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тек қана егер осы 3 жыл аясында өзінің атына тіркелетін мүлік алса, яғни, көлік, үй, жер. Сол кезде қарыз берушіге біз хабарлаймыз. Бірақ оның бәрін баса көктеп айта бермейміз. Әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін, қай жағдайда ол мүлікті иеленді. Яғни ол мұрагерлік жағдай болуы мүмкін, сыйлық болуы мүмкін отбасын құрып деген сияқты. Тек қана түсініксіз жағдайда пайда болған заттарды ғана ескертіп, жеткізіп отырамыз. Ары қарай оны құзырлы органдар, қарыз берушілер өздері шешеді. Өндіре ме, өндірмей ме? Банкроттықтан кейін алимент пен салықтан басқа барлық қарыз кешіріледі. Ал шетелге шығуға тыйым тек екі жағдайда қаралған. Біріншісі, банкроттыққа керекті қағаздарды тапсырғаннан кейін, құжаттарды сәйкестендіру уақытында және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде бөліп төлеу графигін белгілегенге дейін сыртқа шығуға болмайды. Ал басқа уақытта ешқандай шектеу жоқ. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы стадионының экс-басшысы Бауыржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді