Банкроттық рәсімін қолдана алатын ипотекасы бар адамдардың саны белгілі болды

Банкроттық рәсімін қолдана алатын ипотекасы бар адамдардың саны белгілі болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.«Банкроттық рәсімін пайдалана алатын ипотекалық қарыз алушылардың саны шамамен 6,5 мың адамға жетіп отыр. Қазіргі уақытта барлық ипотекалық несие портфелі шамамен 4,7 трлн теңгені құрап отыр және 449 мыңға жуық қарыз алушы тіркелді», - деді Н.Әбдірахманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, баспананы сақтап қалу үшін тұрғындарға мерзімі өткен несиені қайтаруға мүмкіндік беретін сотқа дейінгі реттеу тәртібі қарастырылған. «Бұл тәртіп былтыр күшіне енген еді. Оған сәйкес қарыз алушы төлем мерзімі кешіктірілгеннен кейін, 30 күн ішінде өтініш береді және банк несиені қайта құрылымдау туралы өтінішті 15 күн ішінде қарауы керек. Сондай-ақ, 2022 жылы ипотекалық несие алушылардың құқықтары заңнамалық тұрғыда күшейтілді», - деді Н. Әбдірхаманов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары қашан беріледі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
«Мен үшін тұрып бере алады»: Гүлнұр Мамасарипова күйеуінің бандит болғанын айтты
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді