Банкроттыққа өтініш беру басталды

Бүгін банкроттыққа өтініш беру басталды. Азаматтар қандай жағдайда өзін банкрот деп жариялай алады? Өтініш берудің талаптары қандай? Тілшіміз Аружан Серік тарқатады.Бүгін Астанадағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығында ине шаншар жер жоқ. Елордалықтар өтініш беру үшін таңертеңнен ұзын-сонар кезекте тұр. Бәрі банкроттық жариялағысы келеді. Ол тізімде Руслан да бар. 16 жыл несиесін төлемеген. Соның кесірінен не жұмысқа орналаса алмай, не қарызын өтей алмай жүр. Руслан, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қиын болған жоқ. Флешка сатып әкеліңдер деді. Мына жерге барып, регистрация істеттік. Сосын ана жерде адамдар толтырып, заявка жіберді. «Кетті сіздің өтінішіңіз» деді. 15 күннен кейін СМС келеді, сол кезде ответ айтылады. Гүлсім Сәдуақасова бес баланың анасы. Күйеуі қарызға белшесінен батып, тығырыққа тірелген. Банкроттық жариялау – мәселесінің жалғыз шешімі екенін айтады. Гүлсім СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазір мына адамдар очередь. Очередь алып, бүкілін сұраймын. Қандай документ, не істеймін, не істей аламын деп. Сол үшін келіп отырмын. Төлеп берсе, әрине, несие алмау керек. Алғаннан кейін төлеу керек. Аружан ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Заң бойынша кімдер өтініш бере алады? Несие қарызыңыз 1600 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 5 520 000 теңгеден аспаса, оны кейінгі бір жылдың ішінде төлеуіңіз қажет болса да, өтеуге мүмкіндігіңіз болмаса, атыңызда жылжымайтын мүлік, көлік, жер учаскесі рәсімделмесе, өзіңізді банкрот деп танып, өтініш бере аласыз. Банкроттықтың үш түрі бар. Соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру. Бірінші рәсімді тек банктер, миркоқаржылық ұйымдар және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі бойынша қолдануға болады. Ал сот банкроттығының мақсаты – борышкердің мүлкі есебінен кредитордың талабын барынша өтеу. Төлем қабілетін қалпыну келтіру рәсімі сот арқылы борышты 5 жылға бөліп төлеу мүмкіндік береді. Банкроттық – қаржылық рақымшылық емес. Банкрот деп танылудың өзіндік салдары бар. Ержан БЕКТІБАЕВ, АСТАНА қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жеке тұлға өзін банкрот деп танығаннан кейінгі 5 жыл көлемінде ешқандай несие алуға құқы жоқ. Соңғы 7 жыл көлемінде қайтадан банкрот процедурасын жасай алмайды. Және де соңғы 3 жыл банкроттықтан кейін өкіметтік орган тарапынан қаржылық жағдайына мониторинг жасалынып отырады. Ипотека не үлкен сомадағы қарызы бар компания, жеке кәсіп не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қарызы есептелмейді. Бұл заңда тек жеке тұлғалардың, яғни қарапайым азаматтардың қарызы ғана қарастырылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатынан «ҚазМұнайГаз» компаниясының екі қызметкері қайтыс болды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
"Тура айтайын". Канелоны қорқытқан боксшы тарихта ең ұлыны атады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін